30
январь
2025
6-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Тақырыбы: «Тәртіп пен білім – болашаққа баспалдақ»
Мақсаты: Оқушыларға тәртіптің маңызын түсіндіру және оны білім алудағы негізгі құндылық ретінде көрсету.
6-сынып оқушыларға лицейдің ішкі тәртіп ережелері мен білімнің маңыздылығы түсіндіріліп, олардың өмірдегі рөліне назар аударылды. Сабақ барысында оқушылар тәртіптің адам өміріндегі қажеттілігі, жауапкершілік, өзін-өзі бақылау және білім алу жолындағы негізгі қағидалар туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, тәртіптің жақсы нәтижелерге жетелейтінін, білімнің өмірдегі әртүрлі мүмкіндіктерге жол ашатыны айтылды. Тренинг барысында оқушыларды сергіту мақсатында «Бірінші бол», «Кім жылдам?», «Тәртіп жолы» жаттығулары өткізілді.