Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
АЛҒЫС ХАТПЕН марапаттады
01
октябрь
2021
АЛҒЫС ХАТПЕН марапаттады
Бостандық ауданы полиция басқармасы бастығы полиция подполковнигі Д.Аухадиев лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовнаны "Ұстаздар күні" мерекесімен қатар ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектері үшін АЛҒЫС ХАТПЕН марапаттады.
Спорттық радиопеленгациядан 2021 жылғы Қазақстан Республикасы Чемпионаты
28
сентябрь
2021
Спорттық радиопеленгациядан 2021 жылғы Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен өткен  спорттық радиопеленгациядан 2021 жылғы Қазақстан Республикасы Чемпионатында : Foxoring байқауы бойынша "Ә-21" тобында III орын иеленгені үшін Жебегенова Назира марапатталды. Sprint байқауы бойынша "Ә-21" тобында III орын иеленгені үшін Абдураимова Рая марапатталды. Радиокопсайыс байқауы бойынша "Ә-21" тобында III орын иеленгені үшін Абдураимова Рая марапатталды. Классика
Аудандық дебат жарысы
24
сентябрь
2021
Аудандық дебат жарысы
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна дебат ұйымының оқушыларын аудандық жеңістерімен құттықтады.
Химия пәнінен 10-сынып оқушыларына арналған "Ерітінділердегі тепе теңдік константалары" тақырыбындағы авторлық бағдарлама
20
сентябрь
2021
Химия пәнінен 10-сынып оқушыларына арналған "Ерітінділердегі тепе
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің химия пәні мұғалімі Каумбаев Суннатулла Абдуғаниұлының жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі химия пәнінен 10-сынып оқушыларына арналған "Ерітінділердегі тепе теңдік константалары" тақырыбындағы авторлық бағдарламасы оқу үдерісіне енгізілді. Қазіргі таңда көптеген мектептер элективті курс бағдарламасын өз сабақтарында қолдануда.
География пәнінен 9-сынып оқушыларына арналған "Қалалар географиясы (Алматы қаласы мысалында)" тақырыбындағы авторлық бағдарлама
20
сентябрь
2021
География пәнінен 9-сынып оқушыларына арналған "Қалалар географиясы
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің география пәні мұғалімі Сәлімжанов Нұрсұлтан Өмірханұлының жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі география пәнінен 9-сынып оқушыларына арналған "Қалалар географиясы (Алматы қаласы мысалында)" тақырыбындағы авторлық бағдарламасы оқу үдерісіне енгізілді. Қазіргі таңда көптеген мектептер элективті курс бағдарламасын өз сабақтарында қолдануда.
Бурабайда өткен спорттық радиопеленгация
20
сентябрь
2021
Бурабайда өткен спорттық радиопеленгация
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен Бурабайда өткен спорттық радиопеленгациядан 2021 жылғы Қазақстан Республикасы Чемпионатында Классика-144 МГц, Sprint, Радиосайыс, Foxoring бойынша "Ә-21" тобында ІІІ орын иеленгені үшін Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей ұстаздары Абдураимова Рая, Жебегенова Назира диплом және медальмен марапатталды. Құттықтаймыз! Жүлделі орындардан көріне берулеріңізге
"Ұшқыр ой алаңы"  атты аудандық дебат
18
сентябрь
2021
"Ұшқыр ой алаңы" атты аудандық дебат
Қыркүйек айының 18-і күні "Ұшқыр ой алаңы"  атты аудандық дебат турнирі өтті. М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінен "Самый лучший","Басу","Болашақ үшін", "От правды не убежишь", "Өрлеу фракциялары қатысып, барлық 5 фракция арнайы алғыс хаттармен марапатталды. 🔹️Ал,үздіктер қатарында қазақ лигасы бойынша "Өрлеу" фракциясы Ақбар Ақбота, Мақыш Ақсұлтан жүлделі II орынмен,арнайы медальдармен марапатталды. 🔹️Орыс лигасы бойынша үздіктер қатарында "Самый лучший" фракциясы Олжабаева
Дебаттық турнир "Ғаламтор кітаптың орнын баса алмайды"
16
сентябрь
2021
Дебаттық турнир "Ғаламтор кітаптың орнын баса алмайды"
Қыркүйек айының 16 күні Қазақстан Республикасы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Алматы қаласы орталықтандырылған Кітапхана жүйесі КММ қарасты А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық  кітапхананың ел тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырған, кітап-рухани қазына екендігін айғақтайтын "Ғаламтор кітаптың орнын баса алмайды" атты дебаттық турниріне қатысып жүлделі II орынды М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің "Болашақ үшін" фракциясы Орымбаева Томирис пен Рахымбай Сауле иеленді.
ХХІІ Республикалық "Абай оқулары" байқауы
16
сентябрь
2021
ХХІІ Республикалық "Абай оқулары" байқауы
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттау мақсатында өткен ХХІІ Республикалық "Абай оқулары" байқауының қалалық кезеңінде "Ұлылар әлемі" номинациясы бойынша Әшімжан Нұрайым ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және дарынды оқушылардан құралған командаға жетекшілік еткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мунасаева Рая Нуровнаға алғыс хат берілді.
Семинар-тренинг "Болашаққа жол өзіңнен басталады"
13
сентябрь
2021
Семинар-тренинг "Болашаққа жол өзіңнен басталады"
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының және "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен "Болашаққа жол өзіңнен басталады" атты республикалық семинар-тренингке М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушылары белсенді қатысып, алғыс хат пен сертификат иегерлері атанды. Құттықтаймыз!!!