Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Инновациялық идеялар байқауы: «Ұлы Өнертапқыштыққа алғашқы қадам»
04
октябрь
2023
Инновациялық идеялар байқауы: «Ұлы Өнертапқыштыққа алғашқы қадам»
02.10.2023ж. «Ұлы Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауында лицей оқушыларының жеткен жетістіктері бойынша төмендегі мұғалімдер марапатталды: 1.Ергеш Нұрсұлтан Сагитянұлы 2.Қожабай Абай
"Elitstroy Golf Championship-2023"
03
октябрь
2023
"Elitstroy Golf Championship-2023"
11 "А" сынып оқушысы Ерғали Ераслан "Elitstroy Golf Championship-2023", "Best Gross"  жарысындағы жүлделі 3-орын. Құттықтаймыз!
Ұстаздарымыз ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды
01
октябрь
2023
Ұстаздарымыз ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Еңбек ардагері» медалімен
Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. 🔸Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы ұстаз деген ұлы атқа лайықты Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің ардагер ұстазы Умбетова Нургуль Сейтбековна ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.  💐💐💐 Құттықтаймыз!!!
«Міржақып. Оян, қазақ!» көркем фильм
29
сентябрь
2023
«Міржақып. Оян, қазақ!» көркем фильм
29.09.2023 ж. 8 “Д” сынып оқушылары «Міржақып. Оян, қазақ!» көркем фильмін тамашалады📽️ 🔰Көркем фильмде Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы сериалда кезек баяндалады.
Дәріс: «Ұқыпты, сәнді киіне білу»
25
сентябрь
2023
Дәріс: «Ұқыпты, сәнді киіне білу»
25.09.2023ж. күні 5-сынып ұлдары лицейіміздегі «Азамат» ұлдар ұйымының мүшелігіне қабылданды. «Ұқыпты, сәнді киіне білу» ұлдардың сырт келбетіне назар аударуға ақыл-кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Пайдалы ақпарат:  «Үнемді тұтыну»
25
сентябрь
2023
Пайдалы ақпарат: «Үнемді тұтыну»
25.09.2023ж. күні оқушыларға «Үнемді тұтыну» тақырыбы бойынша лицейде орналасқан ауыз су бұрқағы туралы пайдалы ақпарат берілді. Ауыз су бұрқағы-жартылай автоматты ішетін кранмен жабдықталған таза ауыз су көзі.Су бұрқағының моделі-биіктігі бір метрден сәл аз, берік, тот баспайтын болаттан жасалған цилиндрлік құрылғы. Сүзгілі, тазартылған ауыз су ағыны мен шүмегі бар раковина. Тұтынушылардың микробиологиялық қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.Лицейдің әр қабатында орналасқан ауыз
«Оян, қазақ!» киносын көруді ұсынамыз
24
сентябрь
2023
«Оян, қазақ!» киносын көруді ұсынамыз
Баршаларыңызды демалыста отандық өнім «Оян, қазақ!» киносын көруді ұсынамыз🎞️
"Almaty Ustazy-2023" қалалық конкурсы
23
сентябрь
2023
"Almaty Ustazy-2023" қалалық конкурсы
"Almaty Ustazy-2023" жас мұғалімдердің қалалық конкурсында лицейіміздің  физика пәні бойынша ||-дәрежелі дипломмен Рамазанова Ақбаян Азаматқызы марапатталды. Математика пәні бойынша |||-дәрежелі дипломмен Шалқар Бекзат Қырқынбайұлы марапатталды. Құттықтаймыз!
Мұхтар Ауезов атындағы драма театрында өткен бір күн
23
сентябрь
2023
Мұхтар Ауезов атындағы драма театрында өткен бір күн
23.09.2023ж. 8 «В»сынып оқушыларымен Мұхтар Ауезов атындағы драма театрында өткен бір күн.  🔰Спектакль “Қара” - Абай Құнанбайұлының қара сөздеріне негізделген. Жас ұрпаққа өмірдің мәнін ұғынуға, уақытты босқа өткізбей, Жүрек, Ақыл, Қайратты біріктіріп, ғылым іздеуге жетелейді. #мухтарауезовдраматеатры