Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сынып сағаты: «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні»
16
март
2026
Сынып сағаты: «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні»
16 наурыз 2026 жылы 6 «А» сыныбында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаттары: -білім алушыларды Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнімен таныстыру; -ұлттық салт-дәстүрлердің түрлері бойынша ой бөлісу. Оқушылар сынып сағатында ұлттық салт-дәстүрлер туралы бейнежазбаны көріп, өзара ой бөлісті.
Лицей ұстаздары референдумға қатысты
15
март
2026
Лицей ұстаздары референдумға қатысты
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей ұстаздары референдумға қатысып, ел болашағына деген жауапкершіліктерін көрсетті. Ұстаздар – тек білім беруші ғана емес, қоғамның белсенді мүшесі. Сондықтан лицей ұстаздары маңызды қоғамдық-саяси науқаннан тыс қалмай, өз таңдауларын жасады. Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда. Бірге – жарқын болашаққа! 
“Dosbollike” бағдарламасына байланысты жиналыс
13
март
2026
“Dosbollike” бағдарламасына байланысты жиналыс
“Dosbollike” бағдарламасына байланысты онлайн зум платформасы арқылы жиналыс өткізілді. “Dosbollike” бағдарламасын жүзеге асыру аясында онлайн форматта Zoom платформасы арқылы жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында бағдарлама мазмұны, мақсаты және оны оқу-тәрбие процесінде тиімді жүзеге асыру жолдары талқыланды. Қатысушылар оқушылар арасында достық, өзара сыйластық пен қолдау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, бағдарламаны іске асыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен
Мектебіміз бен №14 кітапхана өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойды
13
март
2026
Мектебіміз бен №14 кітапхана өзара ынтымақтастық меморандумға қол
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей мен 📖 Алматы қаласы кітапханалар жүйесіне қарасты №14 кітапхана өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойды. 🎯 Келісімнің басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ✨ рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау және білім беру мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту. 📌 Меморандум аясында: -әдеби кездесулер -мәдени-танымдық іс-шаралар -кітап көрмелері -түрлі бірлескен жобалар ұйымдастыру жоспарлануда.
Лицейде тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарын жазылды
11
март
2026
Лицейде тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарын жазылды
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде 5–11 сынып оқушылары тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жұмыстарын жазды. ТЖБ – оқушылардың тоқсан бойы алған білімін саралап, оқу жетістіктерін бағалауға арналған маңызды кезең. Біздің оқушылар бұл тапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен орындап, өз білімдерін көрсете білді. Барлық оқушыларға сәттілік тілейміз! Білім жолындағы табыстарыңыз арта берсін! 
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
11
март
2026
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
Бүгін Махатма Ганди атындағы №92 лицейдің 9-сынып оқушылары «Алматы электромеханикалық колледжі» КМҚК КГКП «Алматинский электромеханический колледжінде» өткен Ашық есік күніне барып қайтты. Оқушылар колледждің мамандықтарымен танысып, оқу орынның материалдық базасын көріп, болашақ мамандықтары туралы пайдалы ақпарат алды. Іс-шараға оқушыларды кәсіби бағдар беруші Ереже Мадияр Азаматұлы апарып, оқушыларға болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар берді.
Мерекелік концерт: «Әлемді тербеткен нәзіктік»
06
март
2026
Мерекелік концерт: «Әлемді тербеткен нәзіктік»
Көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз қарсаңында мектебімізде әйел затына арналған «Әлемді тербеткен нәзіктік» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл кеш – анаға деген құрметтің, әйелге деген ілтипаттың,нәзіктік пен мейірімнің көрінісі болды. Іс-шараны ерекше ықыласпен дайындап, жүректен шыққан өнерлерін көрсеткен ұйымдастырушылар – 8-сынып оқушылары. Барша аналарымыз бен аруларымызға бақыт, денсаулық, шуақты көктем тілейміз! 
Тұран университетін таныстыру
06
март
2026
Тұран университетін таныстыру
05.03.2026ж. М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей 11-сынып оқушыларына Тұран университетінің студенттері келіп, өз университеттері туралы кеңінен таныстырып, оқу мүмкіндіктері мен студенттік өмір жайында қызықты мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар, 11-сынып оқушыларымен кездесуге техника ғылымдарының докторы, профессор Жанбиров Жумажан Гинаятович арнайы келіп, Тұран университетіндегі білім беру мүмкіндіктері туралы жан-жақты айтып берді. Ол оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың
Лебіз сабағы: «Ана – өмірдің шуағы»
05
март
2026
Лебіз сабағы: «Ана – өмірдің шуағы»
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай лицей кітапханасында «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік жылылық лебіз сабағы ұйымдастырылды. 💬Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына асыл жандарымыз аналарды құрметтеу, сыйлау сезімін қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерін дамыту және әсемдікті сүйе білуге баулу. Кеш барысында оқушылар аналарға арнаған жүрекжарды тілектерін білдіріп, өлең жолдарын оқып, өз ойларымен бөлісті. Жылы атмосфера мен мейірімге толы сәттер мерекелік көңіл күй сыйлады. Ана –
Экскурсия: Ұлы Отан соғысы – ұрпақ жадында»
03
март
2026
Экскурсия: Ұлы Отан соғысы – ұрпақ жадында»
03.03.2026ж.🇰🇿 «Ұлы Отан соғысы – ұрпақ жадында» 📍 Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайына М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары әскери-патриоттық тәрбие жоспары аясында «Ұлы Отан соғысы – ұрпақ жадында» атты тағылымды экскурсияға қатысты. Экскурсия барысында оқушылар соғыс жылдарына арналған экспозициялармен танысып, қазақстандық батырлардың ерлігі, тылдағы қажырлы еңбек және тарихи маңызды оқиғалар туралы тың мәліметтер алды. Тарихи құжаттар,