Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Отбасы күні құтты болсын!
13
сентябрь
2021
Отбасы күні құтты болсын!
Отбасы күні - Елбасының Жарлығымен бекітілген еліміздегі мерейлі мерекенің бірі.  Оны атап өту бірнеше жылдан бері дәстүрге айналды. Мұндағы мақсат – отбасылық құндылықтарды нығайту. Ата Заңымызда да мемлекеттің басты қазынасы -  адам мен оның өмірі деп атап көрсетілсе, ал Отанның  өзі отбасынан басталады. Ырысты күздің алғашқы айымен бірге жеткен Отбасы күні мерекесі әрбір шаңыраққа шаттық пен құт-береке әкелсін! Отбасымыз да, Отанымыз да аман болып, әрқашан көркейе берсін!
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауы талқыланды
04
сентябрь
2021
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауы талқыланды
🏢Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде 04.09.2021ж. күні еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР-ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ” атты Қазақстан халқына арналған жолдауы талқыланды.  🔹️Талқылау барысында лицей басшысы К.С. Шажабаева сөз сөйледі. Жолдауда айтылған білім саласына байланысты мәселерді назарға алып, сол бойынша жұмыстар жасалу керектігін қадап айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаевтың жолдауын кафедра
"Білім күні"
01
сентябрь
2021
"Білім күні"
🏢Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейінде 01.09.2021ж. күні санитарлық ережелер сақтала отырып, барлық сыныптарда тәрбие сағаты өтілді. 📝Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы алтын ұя мектебіне қайта оралып, сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты. Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын!
Елорда күні
06
июль
2021
Елорда күні
Тәуелсіздігіміздің тірегі, Отанымыздың жүрегі Елорда – Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған кұбылыс.  Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыкка өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастыктың көшіне жеке керуен болып қосылдық.
ЛИЦЕЙІМІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҚАЛАЙ ӨТКІЗУДЕ?
24
июнь
2021
ЛИЦЕЙІМІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҚАЛАЙ ӨТКІЗУДЕ?
Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек... Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың төресі сол.                                                                                                                                                            Абай Құнанбаев 8"Ә" - сынып оқушылары, сынып жетекшісі: Сәтжан Сания Сәбитқызы Олжаболат Айман жазғы демалысында қолөнер үйірмесіне барады. Махмедова Адэля бос уақытында кітап оқығанды ұнатады.  "Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең
ЛИЦЕЙІМІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЖАЗҒЫ  ДЕМАЛЫСЫН ҚАЛАЙ ӨТКІЗУДЕ?
24
июнь
2021
ЛИЦЕЙІМІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҚАЛАЙ ӨТКІЗУДЕ?
Менің жазғы демалысым Алдымен жоспар құрып алыңыз. Жоспарды мынадай сұрақтарға жауап бере отырып жазуға болады: – Жаз қалай басталды? – Кіммен бірге өткіздім? – Кімдермен таныстым? – Қайда бардым? – Естен кетпес қызықтар; – Қандай ерекше жер көрдім? – Алған әсерім? – Кімнің сөзі, кеңесі есімде қалды? – Өзіме қандай жаңалық аштым? – Не оқыдым? – Не үйрендім, не түйдім? – Қай жағынан жетілдім, ілгері басушылық болды ма? – Демалысым тиімсіз өткен жоқ па, қандай қателік жібердім? – Келесі жазды
Халықаралық әкелер күні
22
июнь
2021
Халықаралық әкелер күні
Халықаралық әкелер күні  - маусым айының үшінші демалысында  аталып өтіледі. Адамгершілігімен, азаматтық іс-әрекетімен айналасына қадірлі болған, кісілік пен кішілік нұры тұла бойынан төгіліп тұрған ардақты жандарды Халықаралық әкелер мерекесімен құттықтаймыз!!! 6 "Б" сынып оқушыларының әкелер күнімен құттықтауы Сынып жетекшісі: Космагамбетова Бакытгуль
Үндістан елшісі Шубхдаршини Трипатимен лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна кездесті
16
июнь
2021
Үндістан елшісі Шубхдаршини Трипатимен лицей директоры Шажабаева
Алматыға арнайы ат басын бұрып келген Үндістан елшісі Шубхдаршини Трипатимен лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна кездесті. Кездесу барысында Шубхдаршини Трипати ханым лицей кітапханасына Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың хинди тіліндегі кітабын тарту етті. Шубхдаршини Трипати ханымға өз ризашылығымызды білдіреміз!
Тәуелсіздік ұландары
14
июнь
2021
Тәуелсіздік ұландары
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде 14.06.2021ж. күні «Тәуелсіздік ұландары» атты 11 сыныптың  түлектеріне  аттестат тапсыру салтанатты  мерекесі өтті. Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың 11 жыл бойғы білім жолындағы атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білеміз. Биылғы 2020-2021 оқу жылында  лицейімізді 100 түлек тәмамдап, үлкен өмірге қадам басты. Лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна және де директор орынбасарлары, ұстаздар оқушыларға ақ жол тілей отырып,