Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық жасөспірімдер олимпиадасы
05
апрель
2022
Республикалық жасөспірімдер олимпиадасы
Бүгін, 2022 жылдың 5 сәуір күні , М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде Алматы қаласы бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.  ✳️Ережеге сәйкес олимпиадаға математика, физика, химия, биология, және информатика пәндері бойынша  7-8 сынып аралығында оқушылар қатысты. ⏫Жоғары ұпай жинаған оқушылар 13 сәуірде өтетін қалалық кезеңге жолдама алады.
Физика-информатика пәндерi айлығының ашылуы
04
апрель
2022
Физика-информатика пәндерi айлығының ашылуы
04.04. 2022 жылы лицейiмiзде физика-информатика пәндерi айлығының ашылуы болды. Жиында оқушылар физика, информатика жайлы өлеңдер оқып, қызықты сұрақтарға, жұмбақтарға жауап берді. Сонымен қатар, айлық жоспарымен танысты. Қорытынды сөзді лицей директоры Кульжан Сауытқызы алып айлық барысында барлығын белсенді болуға шақырып, сәттілік тіледі.
Наурыз мерекесі
21
март
2022
Наурыз мерекесі
21.03.2022 жылы Алматы қаласында Мегада (Розбакиева- Альфараби) Бостандық ауданының Наурыз мерекесі өтті, келген қонақтарға наурыз көже, бауырсақ, тәттілер таратылды. Концерттік программалар, спорттық ойындар болды!☀️
Сыныптан тыс іс-шара: «Дарындылар додасы»
21
март
2022
Сыныптан тыс іс-шара: «Дарындылар додасы»
Наурыз айының 18і күні математика кафедрасының айлығы аясында 8 сыныптар арасында «Дарындылар додасы» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларды заман талабына сәйкес білікті де, білімді, интеллектуалдық потенциалы жоғары, шығармашылық ойлауы қалыптасқан теориялық білімін практикада қолдана білетін азамат етіп жауапкершілікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу. Пәнге қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қатысушылар: 8 сынып оқушылары
Семинар: "IELTS preparation"
19
март
2022
Семинар: "IELTS preparation"
Лицейімізде IELTS халықаралық емтиханына дайындық бойынша үздік оқытушылардың бірі Mark Jonatan Stegen "IELTS preparation"семинарын өткізді. 🔹Семинар бағдарламасында қаралды:  ▫IELTS емтиханы қандай бөлімдер мен тапсырмаларға кіреді;  ▫GB IELTS академиялық Модулінің ерекшеліктері қандай; ▫ауызша (сөйлеу) және жазбаша (жазу) бөліктері қалай бағаланады;  ▫қандай әдістер қорытынды баллды арттыруға көмектеседі; ▫қандай типтік қателіктерден аулақ болу керек; ▫емтиханға қалай дұрыс дайындалу керек.
Көрме: 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі
19
март
2022
Көрме: 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай лицей кітапханашылары Исагулова Айнұр Жанатовна мен Абдиманапова Гүлмира Мухатаевна көрме өткізді.
Қазақстан халқына Жолдау
18
март
2022
Қазақстан халқына Жолдау
Бүгін, 16 наурыз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасады. Лицей ұжымы жинала отырып тыңдады. Президент Жолдауында жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты.
Интеллектуалды жарыс
15
март
2022
Интеллектуалды жарыс
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде 15 наурыз 6-сыныптар арасында интеллектуалды жарыс өтті.  🔹Мақсаты: оқушылардың танымдық деңгейін көтеріп, қызығушылығын арттыра отырып, еркін өмір сүруге, ізденуге, жігерлікке тәрбиелеу. Бас жүлде 🏆 - 6 «ә» Winners тобы I 🥇орын -  6 «а» Жас Ұлан тобы II 🥈орын - 6 «б» Legend тобы III 🥉 орын - 6 «в» Ақ қыран тобы III 🥉 орын - 6 «г» Торсиктар тобы Құттықтаймыз!!!💐💐💐
Семинар: «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент»
15
март
2022
Семинар: «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде директордың бейіндік ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары А.М.Алтаева «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» тақырыбында өткен курстан алған заманауи, инновациялық жаңалықтармен бөлісу мақсатында семинар өтті.
Әдістемелік семинар
10
март
2022
Әдістемелік семинар
Бүгін, 10-ақпан лицейімізде әдістемелік семинар өтті.  Күн тәртібінде қаралды: 1. Ғылыми-жаратылыстану пәндері кафедрасының есеп беруі. 2.Шебер сынып