Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
25
май
2021
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Махатма Ганди атындағы #92 мамандандырылған лицейінде "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты салтанатты жиын 5-10 сыныптар арасында өтілді. Лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна бейнежазба арқылы оқушыларды 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Жиын барысында әр сыныптың озат оқушылары марапатталып, жетістіктері айтылды. 
Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
22
май
2021
Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде 22.05.2021ж. күні Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2020-2021 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру жоспарына сәйкес "2020-2021 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмыстарының жетістіктері" тақырыбында онлайн форматта 5-11 сыныптарды қамтыған жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді.  Жиналыс барысында жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебі беріліп, қорытынды жасалынды. Жиналыс соңында ата-аналар сұрақтарына жауап ала
III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АБАЙТАНУ ОЛИМПИАДАСЫ
17
май
2021
III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АБАЙТАНУ ОЛИМПИАДАСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «ДАРЫН» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының ұйымдастыруымен өткен «III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АБАЙТАНУ» олимпиадасына М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейден 11 А сынып оқушысы Жасузакова Айтөре қатысып,көрсеткен ерекше жетістіктері үшін Алғыс хатпен марапатталды. Пән мұғалімі:Мунасаева Р.Н
ШАҢҒЫ СПОРТЫ БОЙЫНША ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМОРИАЛДЫ ТУРНИР
17
май
2021
ШАҢҒЫ СПОРТЫ БОЙЫНША ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
А лматы қаласында өткен шаңғы спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы Республикалық мемориалды турнирге  Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 7Ә сынып оқушысы Асылхан Бейбарыс қатысып, өз жасындағы жасөспірімдер арасында 1-орынға ие болып, Дипломмен марапатталды!
9 СЫНЫП ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ,12 МАМЫР
17
май
2021
9 СЫНЫП ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ,12 МАМЫР
2021 жылдың 12 мамыр күні лицейімізде 9 сынып ата-аналары мен оқушыларына жиналыс өтті.Жиналысқа лицей директоры К.С.Шажабаева,директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары  Ш.Е.Өмірбекова,лицей психологтары,сынып жетекшілер мен 9-сынып окушылары және ата-аналар қатысты.Жиналыста ата-аналар мен оқушыларға 25-мамыр күні болатын салтанатты жиын туралы айтылып,емтихан кестесімен,бұйрықтарымен таныстырылып,қорытынды  емтихан туралы мәліметтер берілді.  
Оқушыларға арналған судағы қауіпсіздік
14
май
2021
Оқушыларға арналған судағы қауіпсіздік
Махатма Ганди атындағы #92 мамандандырылған лицейінде "Оқушыларға арналған судағы қауіпсіздік» тақырыбында балаларға ереже тәртібін оқытуға және жазатайым жағдайлардың санын азайтуға бағытталған таныстырылым сабақтары жүргізілді. 💧Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар.  ✔Балалардың судағы қауіпсіздігінің негізгі ережесі: Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс
Үйірме жұмыстары: Астрономия
14
май
2021
Үйірме жұмыстары: Астрономия
Лицейіміздегі Астрономия үйірмесінде кезекті 2 сағаттық сабағы өтті. Үйірме жүргізуші физика пәнінің оқытушысы Қанафина Жаңагүл. Тақырып- ‘Mарсоходтар”. Сабақтың мақсаты қызыл  планетаны зерттеген аппараттармен, атқарған жұмыстарымен таныса отырып, планета жайлы білімімізді молайту.  Тақырыпқа көшпес бұрын балалар әдеттегідей әлемде болып жатқан космос жаңалықтарымен танысты. Оның ішінде ең соңғы жаңалық Perseverance марсоходынан ұшқан  ingenuity тікұшағының үшінші және төртінші ұшуларының
ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ ОҚУЛАРЫ
13
май
2021
ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ ОҚУЛАРЫ
КММ Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейдің ұйымдастыруымен өткен Олжас Сүлейменовтің 85-жылдық мерей тойына арналған халықаралық "ЖҮРЕКТЕ МАҒАН ОРЫН БАР..." байқауына М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейден қатысқан оқушылар төмендегідей жүлделі орындармен марапатталды: Сабиболда Ақжан I орын алғаны үшін Дипломмен Рахымбай Тыныс III орын алғаны үшін Дипломмен Дәулеткелді Инабат қатысқаны үшін Сертификатпен Махмет Балнур қатысқаны үшін Сертификатпен                        
Қайырымдылық акциясы
12
май
2021
Қайырымдылық акциясы
Махатма Ганди атындағы #92 мамандандырылған лицей ұжымы "Қайырымдылық акциясы" аясында көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын созды. ✔Акцияның мақсаты:  Аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға азық-түлік немесе қаржылай қолдау көрсету болып табылады. ✅Қайырымдылық – адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің тек біреуі ғана. Мейірімге толы қайырымды жүрек мұқтаж жандарға демеу болумен оларға өмір сүруге жаңа күш пен талпыныс сыйлай алады. Көмекке зәру жандарға қиналған
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР: «Қашықтан оқыту жағдайында зерттеу тапсырмалары арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу».   Ашық сабақтар.
06
май
2021
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР: «Қашықтан оқыту жағдайында зерттеу тапсырмалары
Шалқар Бекзат Қырқынбайұлы  - математика  пәнінің мұғалімі Педогогикалық өтілі:5 жыл Санаты: педогог-сарапшы  Сыныбы: 10 «Ә»   (1-топ) Сабақтың тақырыбы:  Туындының көмегімен функцияны зерттеу және графигін салу».  Оқу мақсаты:  10.4.1.33  -  туындының көмегімен функцияның қасиеттерін зерттеу және оның графигін салу Сабақтың мақсаты: Функцияны туындының көмегімен зерттеу алгоритмімін негіздеу Оны қолдану арқылы функцияны зерттеу Функцияның графигін салуды Сабақ барысында оқушылар өзін-өзі