Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
14
сентябрь
2021
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында білім алушыларды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған буккросинг бұрышында күнделікті оқушылар 20 минут кітап оқу барысында
Зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу бойынша лицейдің 6-сынып оқушыларымен кездесу
14
сентябрь
2021
Зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу бойынша лицейдің 6-сынып
№ 92 мамандандырылған лицейінің аға учаскелік инспекторы, полиция майоры  А.Р.Далдирбаева 2021 жылдың 14 қыркүйек күні  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары С.Е. Джумагалиева, Ж.А. Кенжебаев және лицей тәлімгері М.Б. Абылқасыммен  бірге қоғамдық орындарда, бейтаныс адамдармен жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіре отырып, құқық бұзушылықтың, кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуының, сондай-ақ оларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу бойынша лицейдің 6-сынып оқушыларымен
ЕЛ ЖАСТАРЫ: оқушыларды ұйымға қабылдау
14
сентябрь
2021
ЕЛ ЖАСТАРЫ: оқушыларды ұйымға қабылдау
14.09.2021ж. күні лицейімізде аға тәлімгер Нурмукан А. ұйымдастыруымен «Ел жастары» балалар мен жастарды тәрбиелеудің аймақтық бағдарламасы негізінде оқушыларды ұйымға қабылдау өтті.              Мақсаты: Қоғамның әлеуметтік даму қажеттілігі мен қазіргі жағдайларды есепке ала отырып, рухы жоғары  патриот, әлеуметтік  белсенді тұлға қалыптастыруға бағытталған білім берудің бірыңғай кеңістігін құру. Міндеті: еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, тұлғаның
Сынып сағаты: "Отбасы-аялы алақан мекені"
13
сентябрь
2021
Сынып сағаты: "Отбасы-аялы алақан мекені"
Махатма Ганди атындағы #92 мамандандырылған лицейінде Отбасы күніне орай  9 «А» сыныбында «Отбасы – аялы алақан мекені» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.  Сынып сағатында оқушыларға «Отбасы құндылықтары» әлеуметтік бейнеролигі көрсетіліп, мазмұны талқыланды. Жанұя жайындағы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер бойынша қорытынды жасалды. Оқушылар «Бақытты отбасының» моделін жасауға белсенді қатысты.
Семинар-тренинг "Болашаққа жол өзіңнен басталады"
13
сентябрь
2021
Семинар-тренинг "Болашаққа жол өзіңнен басталады"
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының және "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен "Болашаққа жол өзіңнен басталады" атты республикалық семинар-тренингке М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушылары белсенді қатысып, алғыс хат пен сертификат иегерлері атанды. Құттықтаймыз!!!
Отбасы күні құтты болсын!
13
сентябрь
2021
Отбасы күні құтты болсын!
Отбасы күні - Елбасының Жарлығымен бекітілген еліміздегі мерейлі мерекенің бірі.  Оны атап өту бірнеше жылдан бері дәстүрге айналды. Мұндағы мақсат – отбасылық құндылықтарды нығайту. Ата Заңымызда да мемлекеттің басты қазынасы -  адам мен оның өмірі деп атап көрсетілсе, ал Отанның  өзі отбасынан басталады. Ырысты күздің алғашқы айымен бірге жеткен Отбасы күні мерекесі әрбір шаңыраққа шаттық пен құт-береке әкелсін! Отбасымыз да, Отанымыз да аман болып, әрқашан көркейе берсін!
ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР
11
сентябрь
2021
ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР
Қыркүйек айының 11-і күні лицей жас мамандарына арналған әдістемелік семинар өтті. Семинардың тақырыбы: “БЖБ: оқу мақсаттарына сәйкес тапсырма құрастырудың ерекшеліктері”.  Семинарда жас мамандарға бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеудің алгоритмі түсіндірілді және қандай негізде жасалу керектігі нақты жасалған жұмыстар арқылы сараланып айтылды.  Жалпы әдістемелік семинар барысында: 1. Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу алгоритмі; 2. Оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ
Лицей ұстазы ҚР Ғылым және білім министрінен алғыс хат алды
06
сентябрь
2021
Лицей ұстазы ҚР Ғылым және білім министрінен алғыс хат алды
Білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жоғары жетістіктері мен кәсіби шеберлігі үшін Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Слямова Нургуль Рахманкуловна Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтан АЛҒЫС ХАТ алды. 🔹️Слямова Нургуль Рахманкуловна –білімі жоғары,жоғарғы санатты математика пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі-25
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауы талқыланды
04
сентябрь
2021
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауы талқыланды
🏢Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде 04.09.2021ж. күні еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР-ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ” атты Қазақстан халқына арналған жолдауы талқыланды.  🔹️Талқылау барысында лицей басшысы К.С. Шажабаева сөз сөйледі. Жолдауда айтылған білім саласына байланысты мәселерді назарға алып, сол бойынша жұмыстар жасалу керектігін қадап айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаевтың жолдауын кафедра
"Білім күні"
01
сентябрь
2021
"Білім күні"
🏢Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейінде 01.09.2021ж. күні санитарлық ережелер сақтала отырып, барлық сыныптарда тәрбие сағаты өтілді. 📝Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы алтын ұя мектебіне қайта оралып, сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты. Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын!