Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңі
26
май
2022
«Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңі
26 мамыр 2022 жылы республикалық «Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша 8 «Б» сынып оқушысы Телібай Ескендір жеңіс тұғырынан көрінсе, «Абайдың ұлы мұрасы» номинациясы бойынша 9 «А» сынып оқушысы Әшімжан Нұрайым 1-орынды иеленді. Жеңімпаздарға қалалық байқауда сәттілік тілейміз!
Қалалық семинар: «Жазғы мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру»
26
май
2022
Қалалық семинар: «Жазғы мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру»
Бүгін, 26 мамыр 2022 жылы, Алматы қаласы І.Жансүгіров атындағы №130 гимназияда «Жазғы мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар жұмысына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мунасаева Р.Н. қатысып, 8-сынып оқушыларымен қазақ әдебиетінен «Ж.Сахиевтің «Дабыл» әңгімесінің фантастикалық сипаты» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақта жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері көрсетілді.
«Шахмат - ақыл ой спорты» байқауы
26
май
2022
«Шахмат - ақыл ой спорты» байқауы
Бүгін, 26.05.2022 ж. күні лицейімізде Алматы БалаFEST фестивалі аясында «Шахмат - ақыл ой спорты» байқауы өтті.
Жазғы мектеп сабақтары басталды
26
май
2022
Жазғы мектеп сабақтары басталды
Лицеймізде 2021-2022 оқу жылындағы олқылықтарды жою мақсатында жазғы мектеп сабақтары басталды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері оқушыларды таңертең қара жорға биімен қарсы алып, үлкен үзілісте түрлі ойындар ойнатып, балалардың көңіл күйін көтерді.✅
Лицейіміздің оқушыларынан құралған «Шабыт» би тобы
26
май
2022
Лицейіміздің оқушыларынан құралған «Шабыт» би тобы
Лицейіміздің оқушыларынан құралған «Шабыт» би тобының қазақша би билеу сәті👏🏻👏🏻👏🏻
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын тапсыру сәті
26
май
2022
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын тапсыру сәті
11 сынып оқушыларының 10 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын тапсыру сәті🇰🇿👏🏻👏🏻👏🏻
Педагогикалық кеңес
25
май
2022
Педагогикалық кеңес
25.05.2022 ж. күні М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде «2021-2022 оқу жылының аяқталуы және оқушылардың қорытынды аттестаттауын өткізу» тақырыбында №5 педагогикалық кеңес өтті.  🔰Күн тәртібі:  🔹5-11 сынып оқушыларының білім нәтижелерінің жылдық көрсеткіші 🔹9,11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға жіберу мәселесі туралы 🔹5-8, 10 сынып оқушыларын сыныптан сыныпқа көшіру 🔹Әртүрлі мәселелер
Білімнің алтын кілтін табыстау
25
май
2022
Білімнің алтын кілтін табыстау
Алдарыңнан арман жолы ашылады, Түлектерге бақыт гүлі шашылады. Қимастықпен 11 дің алтын кілтін, Ізін басар сыныпқа тапсырады.  🔶11 сыныптың түлектері атынан мектеп аманатын, білімнің алтын кілтін 11 «Ә» сынып оқушысы  Даулетқожа Даирбек 10 «А» сынып оқушысы Абулхайырханға тапсырды.✅
ҚОШТАСУ вальсі
25
май
2022
ҚОШТАСУ вальсі
Бітіруші түлектеріміздің орындауында «ҚОШТАСУ вальсі»💐👏🏻👏🏻👏🏻
Салтанатты жиын: «Түлек 2022-жаңа Қазақстанның ертеңі»
25
май
2022
Салтанатты жиын: «Түлек 2022-жаңа Қазақстанның ертеңі»
Бүгін, 25 мамыр, лицейімізде «Түлек 2022-жаңа Қазақстанның ертеңі» атты салтанатты  жиын өтті.  Бүгін жас түлектер үшін мектеппен, балалықпен қоштасар күн! Әрбір жас түлектердің жүрек түкпірінде мәңгі сақталып қалатын мектеп өміріндегі соңғы салтанаты. Бүгінгі осынау мерекемізбен барлығыңызды құттықтаймыз!💐💐💐