Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Дзюдодан Алматы қаласының чемпионаты
13
октябрь
2025
Дзюдодан Алматы қаласының чемпионаты
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 10 “А” сынып оқушысы Жасуланов Алтай SAMURAI ABSALUTE BJJ жарысының және Дзюдодан жасөспірімдер арасында өткізілген Алматы қаласының чемпионатында ІІ орын алып, Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Құттықтаймыз!
Тәжірибе алмасу семинары
11
октябрь
2025
Тәжірибе алмасу семинары
Бүгін білім беру саласындағы көшбасшылардың қатысуымен ерекше мазмұнды тәжірибе алмасу семинары өтті. Іс-шара барысында АҚШ-та тағылымдамадан өткен мектеп директорлары мен орынбасарлары, мұғалімдері өздерінің алған тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру жүйесіндегі тиімді тәсілдер мен жаңашыл идеяларды талқылады. 🔰Семинар қатысушылары білім сапасын арттыру, заманауи басқару мәдениетін дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытында пікір алмасты.
Дрондарды бағдарламалау бойынша Республикалық жарыс
10
октябрь
2025
Дрондарды бағдарламалау бойынша Республикалық жарыс
10 қазан күні Astana IT University қабырғасында 🔹GEOSCAN-Қазақстан; 🔹«Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы; 🔹«Астана дарыны» орталығы; 🔹Kazakhtelecom; 🔹Aerial Solution сияқты серіктестердің қолдауымен дрондарды бағдарламалау бойынша Республикалық жарыс өтті. Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 9 «Ә» сынып оқушысы Мереке Амир дрондарды бағдарламалау бағытында өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін танытты.  🇰🇿Бұл додаға еліміздің 15 қаласынан 20 команда қатысып, өз
Сайыс: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
09
октябрь
2025
Сайыс: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
09.10.2025 ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде математика кафедрасы ұйымдастырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайысы өтті! 🔢✨ 🏆 Жарыстың жеңімпазы — 5 «А» сыныбы!  ⭐️ Үздік ойыншы — Танжарықұлы Ерасыл! Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! Келесі жарыстарда да табыс тілейміз! 
IT саласының маманымен кездесу
08
октябрь
2025
IT саласының маманымен кездесу
08.10.2025ж.IT саласының маманы, Air Astana әуе компаниясының IT бөлімінің сениор разработчигі — Асылбек Қуатбекұлымен кездесу өтті. Ол 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, өз тәжірибесімен және кәсіби білімімен бөлісті. Кездесу барысында оқушылар IT мамандығының қыр-сырымен танысып, сұрақтарына нақты жауаптар алды. 
Шахмат үйірмесі
07
октябрь
2025
Шахмат үйірмесі
07.10.2025ж.Шахмат үйірмесі өткізілді. 📌Шахмат үйірмесінің мақсаты: -Ойлау қабілетін, есте сақтау мен логиканы дамыту; -Шешім қабылдау және зейінді арттыру; -Сабырлылық пен табандылықты қалыптастыру; -Жарыс рухын тәрбиелеу 🎯 Шахмат үйірмесінің артықшылықтары: -Зейін мен есте сақтау қабілетін жақсартады -Сабырлық пен тәртіпке үйретеді -Шешім қабылдауда жауапкершілікті арттырады -Академиялық жетістіктерге оң әсер етеді (әсіресе математикада)
Профориентациялық семинар
06
октябрь
2025
Профориентациялық семинар
6 қыркүйек күні біздің лицейге Зиябеков Бақнұр мырза оқушыларға профориентациялық семинар өткізді. Іс-шараға 10,11-сынып оқушылары қатысып, мамандық таңдауға қатысты маңызды кеңестер мен бағыт-бағдар алды. 🖋️Зиябеков Бақнұр — EdCrunch халықаралық білім конференциясының спикері, білім беру саласындағы жаңа бизнес-модельдер, EdTech зерттеулері, трендтер және білім технологиялары нарығы туралы тақырыптарда жиі сөз сөйлейтін танымал маман. 🖋️Семинар барысында оқушылар өз болашағын айқындауға,
5-сынып оқушылары арасында математикадан пәндік олимпиада
06
октябрь
2025
5-сынып оқушылары арасында математикадан пәндік олимпиада
06.10.2025ж.М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі 5-сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша пәндік олимпиада өткізілді.
Мерекелік концерт: «Мектептің жүрегі-мұғалім»
03
октябрь
2025
Мерекелік концерт: «Мектептің жүрегі-мұғалім»
03.10.2025ж.Ұстаздар күніне орай 11сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Мектептің жүрегі-мұғалім» атты мерекелік концерт өтті. «Мектептің жүрегі – мұғалім» атты концертте шәкірттер өз ұстаздарына деген алғыс сезімдерін әнмен, бимен, өлең-жырмен жеткізіп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.   Бұл кеш – тек өнер мерекесі ғана емес, ұлағатты жандарға деген құрметтің, шексіз ризашылықтың айғағы болды.   Ұйымдастырушылар мен өнер көрсеткен оқушыларға алғысымызды білдіреміз!   Ұстаздар мерекесі құтты
Іс-шара: «Дублер күні»
03
октябрь
2025
Іс-шара: «Дублер күні»
03.10.2025ж.М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей  10-сынып оқушылары Мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.  🔰Мақсаты: Мектептегі өзін-өзі ұйымдастыру жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны 5-11 сынып оқушылары өткізіп, аталған жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып шықты. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі ролінде ойнаған балалар ұстаздардың жұмысының