Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Гроссмейстер Дәрмен Қанатұлы Сәдуақасовтың арнайы шеберлік сағаты
07
апрель
2026

Гроссмейстер Дәрмен Қанатұлы Сәдуақасовтың арнайы шеберлік сағаты

«Қазақстан» қонақ үйіндегі ерекше кездесу: №92 лицей оқушылары гроссмейстерден дәріс алды
Алматы қаласының символына айналған зәулім «Қазақстан» қонақ үйінің салтанатты залында Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушылары үшін айтулы шара өтті. Лицейдің жас зияткерлері әлемге танымал шахматшы, халықаралық гроссмейстер Дәрмен Қанатұлы Сәдуақасовтың арнайы шеберлік сағатына (мастер-класс) қатысты.

«Қазақстан» қонақ үйінде өткен бұл кездесу оқушылар үшін жай ғана сабақ емес, үлкен мотивация болды. Гроссмейстердің тәжірибесі лицей оқушыларының интеллектуалдық әлеуетін арттыруға және алдағы жарыстарда жеңіске жетуге деген құлшынысын оятты.