«ҰБТ – 2026 ерекшеліктері» тақырыбындағы оқушылар жиналысы
15.12.2025 ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде 11-сынып оқушыларына арналған «ҰБТ–2026 ерекшеліктері» тақырыбында жиналыс өткізілді.
2025–2026 оқу жылында лицейдің 11-сыныптарында барлығы 113 оқушы білім алуда. Жиналыс барысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ–2026) құрылымы, өткізу тәртібі, мерзімдері, пәндерді таңдау ерекшеліктері және талаптары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар ҰБТ-ны төменде көрсетілген таңдау пәндері бойынша тапсырады. Оның ішінде 5 оқушы шығармашылық емтихан тапсырады, ал 4 оқушы шетелге кетуіне байланысты ҰБТ-ға қатыспайды.
ҰБТ-ға дайындық жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Пән мұғалімдері тарапынан дайындық сабақтары сабақ кестесіне сәйкес жүргізілуде. Қосымша сабақтар, консультациялар және тақырыптық қайталау жұмыстары жоспарға сай өткізіліп, оқушылардың білім деңгейін арттыруға бағытталған.


Жиналыс соңында оқушыларға ҰБТ-ға дайындық барысында тиімді уақытты жоспарлау, пәндік дайындықты күшейту және психологиялық тұрғыда дайын болу жөнінде ұсыныстар берілді.