Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2026

Сынып сағаты: "Ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл"

09.02.2026 ж.8 «В» сыныбында «Қазақ поэзиясының алыбы, ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл (1846–1945)» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Сынып сағатының барысында оқушылар Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен тарихи тұлғасын таныды. Ақынның ел бірлігі, ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбындағы жырлары оқылып, мағынасы талданды.

🎯 Мақсаты:
– Оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы тереңірек мәлімет беру;
– Ұлы ақынның шығармалары арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу;
– Поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру.

Сынып сағаты тағылымды ойлармен, мәнерлеп оқу сәттерімен және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті.