Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Профилактикалық әңгіме: «Мектеп оқушылары арасында қылмыстың алдын алу»
13
январь
2026

Профилактикалық әңгіме: «Мектеп оқушылары арасында қылмыстың алдын алу»

«Мектеп оқушылары арасында қылмыстың алдын алу» тақырыбында профилактикалық әңгіме өтті.
👮‍♂️ Алматы қаласы ПД Бостандық ауданы ПБ КПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Тайкенов Алпамыс Ертайұлы, 👮‍♀️ УПИ ЮПБ полиция аға лейтенанты Ибрагимова Айдана Қайратқызы және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кенжебаев Жандос Алимқұловичпен бірлесіп лицей оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді.
⚖️ Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілікті түсіндіру, сондай-ақ заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру.
🗣️ Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты өмірлік жағдайлар бойынша пайдалы ақпарат алды. Мұндай профилактикалық жұмыстар жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастыруға және қауіпсіз білім беру ортасын құруға бағытталған.