Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сынып сағаты: “Еңбек -елдің ертеңі, біліктілік- болашақтың кепілі»
22
сентябрь
2025

Сынып сағаты: “Еңбек -елдің ертеңі, біліктілік- болашақтың кепілі»

Бүгін 22.09.2025 күні 11“В” сыныбында “Еңбек -елдің ертеңі, біліктілік- болашақтың кепілі» дәйексөзімен басталып, “Заң және Дін” атты тәрбие сағаты және қауіпсіздік тақырыптары өткізілді.

Сабақтың мақсаты:
✅ Дәйексөзді түсініп, өмірмен байланыстырады, еңбектің маңызы зор екенін түсіндіреді;
✅Заң және дін ұғымының қоғамдағы маңызын түсінеді, олардың бір-бірімен қандай байланысы бар екенін айқындайды;
✅Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ететін ережелерді меңгереді;
✅Жер сілкінісінде өзін-өзі қорғау ережесін меңгереді;
✅Ересек өмірге дайындық жайлы ой қорытады.
Сабақта негізгі тақырыптармен қатар, оқушылардың өздерінің мамандығы жайында сұрақ-жауапта өз пікірлерін білдірді. “ДОСБОЛLIKE”бағдарламасының тақырыбы бойынша сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды.

Сынып жетекшісі: Юлдашева Гулнура  Базарбаевна
Практикант:Исабаева Айжан