28
март
2025
Шебер сабақ
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назарбекова Мейрамкүл мен Арын Нұрсұлу Дәулетбекқызы шеберлік сабағын өткізіп, өздерінің тәжірибелерімен, әдіс-тәсілдік жаңалықтарымен әріптестерімен бөлісті.
🔎 Шеберлік сағатында ұстаздар оқу үдерісінде қолдануға болатын тиімді әдістерді – топтық жұмыс, саралау тапсырмалары, «Суреттер сөйлейді», «Ойлан – жұптас – бөліс», «Галереяны шарлау», «Қарлы кесек» секілді заманауи тәсілдерді ұсынып, ашық сабақтардан үзінділер көрсетті. Сабақтарда оқушылардың белсенділігі мен сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
👩🏫 Жас маман Арын Нұрсұлу шығармашылықпен жұмыс істейтін жас ұстаз ретінде өз сабағында цифрлық ресурстарды (Quizizz, Mentimeter, Wordwall, Padlet) ұтымды пайдалану арқылы білім беруді жаңа деңгейге көтерудің жолдарын көрсетті.
🔗 Назарбекова Мейрамкүлдің тәжірибесі мен әдістемелік шеберлігі, жас маманның заманауи бағыттағы жаңашылдығы біріккен бұл шара қатысушылар үшін үлкен мотивация болды.