Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
апрель
2025

Жоба: “Мектептен тыс оқыту - білім көзін кеңейту”

Физика-информатика айлығының аясында 9 “Ә” сынып оқушылары “Мектептен тыс оқыту - білім көзін кеңейту” жобасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Процестік инновациялар орталығының жұмысымен танысты. Орталықта Инжиниринг және жоғары технологиялар кластері мен Жерді қашықтықтан зондтау орталығы табысты жұмыс істеп, инновациялық жобаларды жүзеге асырады.  Университет қабырғасында дайындалған «Al-Farabi-1» және «Al-Farabi-2» наноспутниктері туралы ақпарат берілді. Ғарыштық робототехника мен STEM білім беру жүйесін дамытуға арналған «ALFASAT» инновациялық конструкторы таныстырылды. 
Жетекшілері: Рсалиева А.А. және Қожабай А.М.