Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
март
2025

«FIRST Tech Challenge India Championship 2024-25» ашық чемпионаты

“АЛМАТЫЛЫҚ ЖАС ИНЖЕНЕРЛЕР ҮНДІСТАННАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ” 🎉🎊

📅 2025 жылдың 27 ақпанынан 3 наурыз аралығында Алматы қаласының оқушылары Үндістан мемлекетінің, Пуна қаласында өткен «FIRST Tech Challenge India Championship 2024-25» халықаралық ашық чемпионатына қатысып, ел намысын қорғады. 🇰🇿🤖

🌍 Бұл чемпионат робототехника саласындағы жастардың білімдерін тереңдету, инновациялық шешімдерді дамыту және халықаралық тәжірибе алмасу үшін тамаша мүмкіндік болды. Алматылық командалар чемпионат барысында жоғары деңгейі мен шығармашылықпен ерекше көзге түсті. ✨🔧 Олар өздерінің қабілеттерін, командада жұмыс істеу дағдыларын және техникалық білімдерін көрсете отырып, үздік нәтижелерге ие болды! 🏅🚀

📌 Атап айтсақ:
🥈 Алматы қаласының М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі, М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясы, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназиясы, Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназиясы,, №81 мектеп-гимназиясы, №119 мектеп-лицейінен құралған «ULY DALA» командасы «Control Award» 2-орынға ие болды.

🏆 Чемпионаттың нәтижелері қазақстандық оқушылардың халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Командаларды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда да табыс тілейміз!