17
декабрь
2024
Шахматтан Словенияда өткен Әлем Чемпионаты
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 10 “Ә” сынып оқушысы Асылов Мирас шахматтан Словенияда өткен Әлем Чемпионатында Рапидтен күміс, блицтен қола жүлдеге ие болды.
Сені шахматтан әлемдік деңгейдегі үлкен жеңісіңмен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – сенің еңбегіңнің, табандылығыңның және ақыл-парасатыңның жарқын дәлелі. Сенің жетістігің бүкіл мектеп ұжымы мен ел мақтанышы!
Сенің жеңісің жас буынға шабыт беріп, шахматқа деген қызығушылықты арттырары сөзсіз. Алдағы уақытта да жаңа биіктерді бағындырып, еліміздің атын асқақтата беруіңе тілектеспіз.