30
сентябрь
2024
МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ
МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ
Бүгін мектебіміздің саптық жиынында мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының президентін ұлықтау рәсімі өтті.
Мектеп президенттігіне үміткер оқушылар өзіндік ұстанымдары мен қағидаларын айқындайтын бағдарламасын қоса ұсынды.
Әрбір үміткердің батылдықтарын атап өтуге болады: өз көзқарасын ашық білдіру, пікірін қорғау үшін дәлелдерді келтіру және көшбасшылық қасиеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Мектеп президентінің сайлауы белгіленген ережелерге сәйкес дауыс беру арқылы өтті. Дауыс беруге оқушылар мен мұғалімдер қатысты.
Есеп комиссиясының шешімі бойынша ең көп дауыс санын 117 ұпай жинаған 10 «Ә» сынып оқушысы Серік Алихан 2024-2025 оқу жылының мектеп президенті болып сайланды.Лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна жаңа лицей президентін құттықтап, оған толағай табыстар тіледі. Өз кезегінде Алихан оқушылар мен ұстаздар алдында салтанатты ант қабылдады және мектептің өзіне деген жоғары сеніміне алғысын білдірді.Сонымен қатар барлық президенттікке үміткер оқушылар өз бағыттары бойынша бөлінді,оқушыларымыз өте дарынды,үздік көшбасшы болад деген сенімдеміз💐