Таэквондадан Фуджейра (БАӘ) қаласында өткен халықаралық жарыс
2020 жылдың 31 қаңтарында таэквондадан Фуджейра (БАӘ) қаласында өткен халықаралық жарыста №92 М.Ганди атындағы мамандандырылған лицейдің 9 «В» сынып оқушысы Тлеулес Тамерлан 1-орынды иеленген болатын. Тамерлан 2011 жылдан бастап спорттың осы түрімен айналысып келеді. Қалалық, республикалық, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Атап айтар болсақ, 2019 жылы Өскемен қаласында өткен Республикалық жарыста 1-орын, 2019 жылдың 30-31 наурызында Германияның Гамбург қаласында өткен халықаралық жарыста 2-орын, 2019 жылдың 19-22 сәуірінде Санкт-Петербург қаласында өткен «Санкт-Петербург спорт федерациясының Таэквондо президенті Демид Момоттың жүлдесіне арналған Кубок» Бүкілресейлік жарыста 1-орын, 2019 жылдың 19-25 маусымында Иорданияның Амман қаласында өткен халықаралық жарыста 3-орынды иеленген болатын.
Тамерланды жеңісімен құттықтай отырып, әрдайым еліміздің көк байрағын желбірете беруіңе тілектеспіз! Жеңісті күндерін көп болсын!
