«Интеллектуалды сайыс» атты онлайн интеллектуалды жарыс, «Логарифмдік функция, оның қасиеттері және графигі» тақырыбы бойынша ашық сабақ
10.02.2021-20.02.2021 күндері арасында Математика-информатика бірлестігінің он күндігі аясында Орынбаева Ажар, Раметов Тохир ұйымдастыруымен 5 сыныптар арасында «Интеллектуалды сайыс» атты онлайн интеллектуалды жарыс өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың танымдық деңгейін көтеріп, қызығушылығын арттыра отырып, еркін өмір сүруге, ізденуге, жігерлікке тәрбиелеу.
Әділ-қазы мүшелері директордың ғылыми әдістеме жөніндігі орынбасары Слямова Нургуль Рахманкуловна, математика пәні мұғалімі Жадыкова Сандуғаш Өрісбайқызы, география пәні мұғалімі Түменбаев Мади Қуанышұлы болды.
Сайыс 3 айналымнан тұрды:
1. Таныстыру
2. «Топ басшылар»сайысы
3. «Кім алғыр?»

1-сайыс. «Таныстыру». Бұл кезеңде оқушылар өздерінің дайындап келген видеотаныстыруларын көрсетті, таныстыру жоғарғы 5 баллмен бағаланды.

2-сайыс. «Топ басшылар»сайысы. Бұл сайыста топ басшыларына жылдамдыққа сұрақтар қойылды. 1 минут уақыт беріліп, 10 сұрақ қойылды, әр дұрыс жауапқа 1 балл алып отырды.
3-сайыс. Сайысты Бұл сайыста топ мүшелері бірігіп, 10-20-30-40 баллдық ұяшық нөмірін таңдап, сұрақтарға жауап берді. Ойлануға 3минут уақыт беріледі. Топ мүшелері ватцап желісінде ақылдасып, өз жауаптарын айтады. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, келесі топ мүшелеріне жауап беру құқығы берілді.

Оқушылар интеллектуалды жарыс барысында өздерінің білімдерін көрсете білді, сұрақтарға толықтай жауап берді. 5а сыныбы «Болашақ» тобы сайыста ең жоғарғы ұпайды жинап бас жүлдені иемденді. Екінші орынды 5ә сыныбы «Жас ғалымдар», үшінші орынды 5в сыныбы «Бүркіттер» тобы алды. Бірінші сайыстағы оқушылар видеотаныстыруларын жауапкершілікпен дайындаған. Екінші сайыс топбасшылар арасында тартысты өтті. «Кім алғыр?» сайысында қызықты деректер, математикалық және логикалық күрделі есептер болды. Есептердің күрделілігіне қарамай, оқушылар жауаптарын айта алды. Мұндай тапсырмалар оқушының белсенділігін арттырып, балалардың әр сұрақтарға шығармашылықпен қарауына әсер етті.

М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде математика және информатика пәндерінің 2020-2021 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылдың 19 ақпанында 10.40-11.00 уақыт аралығында, яғни 4-сабақ 11 «Ә»-сыныбында алгебра және анализ бастамалары пәнінен «Логарифмдік функция, оның қасиеттері және графигі» тақырыбында ашық сабақ болып өтті.
Пән мұғалімі Курманбаева Алия.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 11.3.1.19- логарифмдік функцияның қасиеттерін білу және қолдану.
Сабақтың мақсаты: Логарифмдік функцияның қасиеттерін біледі және оны қолданады.
Бағалау критерийлері:
- логарифмдік функцияның анықтамасын біледі;
- логарифм қасиеттерін қолданады;
-логарифмдік функцияның графигін салады;
Тілдік мақсат: Осы тақырыпқа қатысты терминдерді меңгереді. Мысалы: логарифм, логарифмдік функция.
Құндылыққа баулу бойынша болашаққа бағдар: Рухани жаңғырудың 6 негізгі бағыты- бәсекеге қабілетті, прагматизм, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы.
АКТ қолдану дағдылары: Ноутбук, интернет ресурстары (bilim land сайттар, видеолар, есептер), ютуб.
Алдыңғы білім: Көрсеткіштік функция.
Ашық сабаққа лицейіміздің ғылыми жетекшісі Тұрарбеков М.З. және 12-мұғалім 13-практикант қатысты. Сабақ аралас сабақ түрінде өтті. Сабақ құрылымы 4-таным деңгейіне сәйкес. Сабақ ұйымдастырудан басталды, бағалау парағымен таныстырылды. Әр тапсырма сайын оқушылар өз-өзін бағалап отырады. Үй тапсырмасын тексеру кезінде
оқушылардың әр түрлі шешу жолдары демонстрация арқылы көрсетіліп, 4-оқушының жұмысы талданды.

1. Танысу кезеңінде «Жылдам есепте» әдісі бойынша қайталау тапсырмасы ретінде дағдыландырушы тапсырмаға 5- есеп 4-мин уақытқа берілді.
Дескриптор:
1. Логарифмдік функцияның анықталу облысын дұрыс табады.
(5-есептің бәрі дұрыс болса 1 балл)

2. Салғастыру кезеңінде жұптық жұмыс
«Графикалық органайзер» әдісі бойынша тапсырмаға 4- минут берілді.
Дескриптор:
1. Логарифмдік функцияның анықталу облысын дұрыс табады.
2. Логарифмдік функцияның мәндері облысын дұрыс табады.
3. Өспелі немесе кемімелі екенін анықтайды.
3. Салыстыру кезеңінде «Серіктесті оқыту» әдісі бойынша оқушыларды үш топқа бөлді. Әр топқа практикалық тапсырма берілді.
Дескриптор:
1. Тапсырмадағы формуланы қолданады.
2. Логарифмнің қасиеттерін қолданады.
1-ші топқа депозитке байланысты видео көрсетіліп, оқулықтағы № 6.42 практикалық тапсырма берілді.
2-ші топқа бактерияға байланысты видео көрсетіліп, оқулықтағы № 6.43 практикалық тапсырма берілді
3-ші топқа логарифмдік функцияның қасиеттері мен графигін зерттеу берілді.
3. Зерттеу кезеңінде «Мағынаны тану» әдісі бойынша алдыңғы тапсырмада берілген есепке метасызба сызу болды.
Дескриптор:
1. Метасызбаны сызады.
2. Метасызбаны қорғайды.
Үш топқа метасызба сызуға 5 минут берілді. Әр метасызбаға дескриптор ұсынылды.
Уақыт біткенде әр топ метасызбаны қорғады.
1-топтың метасызбасы 2- топтың тапсырмасы 3- топтың тапсырмасы
4. Жалпылау кезеңінде топтық жұмыс «Миға шабуыл». «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі алгебра мен әдебиет пәндері бойынша пәнаралық тапсырма берілді. Логарифмдік және көрсеткіштің функцияларды және биссектриса х=y функцияларын «Көксерек» әңгімесімен байланыстыру болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Юлдашева Гулнура осы тапсырма бойынша оқушыларға бағыт-бағдар берді. Тірек сөздер ұсынды.
Дескриптор:
1. Құндылықтарды анықтайды.
2. Толыққанды ой тұжырымдайды.
Оқушылар құнды пікірлер айтты. Әмина, Аким, Нұрәділ өз ойларын сыни тұрғыдан түсіндіріп берді.
Үйге тапсырмаға оқулықтан № 6.87--№6.89 берілді. Үй жұмысы тапсырмасына бағыт-бағдар берілді.Сабақ қорытындыланды.