Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
декабрь
2023

«Sen» еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен іс-шара өтті

05.12.2023ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде «5 желтоқсан - Халықаралық еріктілер күніне» орай лицейдегі «Sen» еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен іс-шара өтті.
Қонаққа «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының еріктілермен жұмыс жөніндегі маман, спорттық іс-шаралардың ұйымдастырушысы  Нұрдәулет Қымбат Жәділқызы келіп, лицей оқушыларына өз тәжірибесімен бөлісті.

Лицейдегі «Sen» еріктілер ұйымының оқушыларын белсенділіктері мен қоғамдық іс-шараларға қосқан үлесі үшін ұйым жетекшілері география пәні мұғалімі М.Қ. Түменбаев пен биология пәні мұғалімі С.С. Сатжан алғыс хатпен марапаттады.

Ерікті болу дегеніміз – бұл энергия мен жан жылуың қоршаған әлеммен бөлісу, атқарылған жұмыстың маңыздылығын түсіну, адамдарға мереке, қамқорлық, кейде өмір беру, сонымен бірге нәтижеден шынайы ләззат алу.