Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
октябрь
2023

Іс-шара: «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

05.10.2023ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде ұстаздар қауымының төл мерекесіне орай «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты Бостандық ауданының ұстаздарын құттықтау іс-шарасы өтілді.

🔸Бостандық ауданы әкімінің орынбасары 
Балбаева Маржан Ертаевна,
«AMANAT» партиясы, Бостандық аудандық филиалының  төрағасы 
Сәбен Тынышқали Төреғалиұлы,
Бостандық Білім бөлімінің басшысы Қасымбек Айгуль Жумабековна,
Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағының Бостандық ауданы бойынша филиал жетекшісі 
Ахметбаева Гулнара Бектасыновна аудан ұстаздарын мерейлі мерекемен құттықтап, алғыс хатпен марапаттады.

🔹Мерекелік іс-шараны Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Нұрмағамбетова Сұлушаш Құлжабайқызы,
@sulushas_nurmagambetova51 
Қазақстан Республикасының жарық жұлдызы, актриса, әнші Өмірғали Жұлдыз,
@zhuldyzomirgali_official 
Қазақстан Республикасының жарық жұлдызы, әнші, актер, жүргізуші Байлин Әзімбек,
@azimbek_bailin 
Халық қошеметіне бөленіп жүрген дарынды әнші  Смағұлов Нұрдәулет,
Дәстүрлі әнші Қайырмағамбетов Мақсат,
Қазақстан Республикасының мәдениет майталманы, эстрада жұлдызы, әнші        
Ермек Берекет @bereket_ermek 
өз өнерлерімен ұстаздар қауымына деген ыстық ықыласын, алғысын білдірді. 

🔸Мерекелік бағдарламаның тізгінін журналист, ақын, «Шалқар» радиосының жүргізушісі, алтын дауыс иесі Гүлбағыш Бостан мен лицейіміздің информатика пәні мұғалімі, Республикалық «Robotics» чемпионы,  робототехниканың үздік тренері Ергеш Нұрсұлтан жүргізді.

🔹Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қонақтар лицей ұжымына өз ілтипат, алғыстарын білдірді.