Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
апрель
2023

Сынып сағаты: «Деректер қорын әзірлеу»

18.04.2022 күні физика-информатика бірлестігінің он күндігі аясында информатика пәнінің мұғалімі Бахиева Калимагуль 10 «А» сыныбына «Деректер қорын әзірлеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
🔹Оқу мақсаты: 10.3.2.1 деректер қоры жолдарының мәліметтер типін анықтау (SQL).

🔸 Сабақ бастамас бұрын мұғалім ерекше сабақ, кино әлеміне саяхат жасайтыны туралы оқушылар айтып өтті. Өзін-өзі бағалау үшін ноутбук арқылы дайындалған парақты таратып берді, әр парақта тапсырмалардың дескрипторы жазылған, сол бағалау парағы негізінде өз-өздеріне қалыптастырушы бағалар қойып отырды. Өткен сабақты еске түсіру мақсатында «Попкорн» әдісі көмегімен оқушылар сұрақтарды алып, жауап берді. Жаңа сабақ төңкерілген сабақ ретінде болғандықтан тақырыпты толықтай ашу мақсатында оқушылар топқа флешка арқылы бөлінді. Әр топ өз тақырыптарына сәйкес кинолента берілді, берілген лентаны толықтырып жұмыстарын қорғап шықты. Топ арасында сұрақтар қойып, өзара жауап беріп отырды. Топтық жұмыс орындап болғаннан кейін жеке жұмысты дербес компьютерде орындады.