23
январь
2023
Ашық сабақ: «My favourite character is Harry Potter»
Лицейіміздің 7 «Ә» сыныбында ағылшын тілі пәнінен «My favourite character is Harry Potter» тақырыбында ашық сабақ өтілді.
Күні: 23.01.2023
🔸
Тақырып бойынша ең алдымен әдебиет түрлері және Дж.Роулингтің ең танымал Гарри Поттер романы бойынша сабақ жүргізілді. Сабақ барысында Гарри Поттер шығармасы туралы толық ақпараттар беріліп, топпен бірге бірінші оқылым дағдысы бойынша шығарманың қысқаша мазмұнын оқып кітап бөлімдеріне тиісті оқиғаларды сәйкестендірді. Сонымен қатар айтылым, тыңдалым, жазылым және граммтикалық тапсырмалар орындап оқушылар белсенділік таныта білді. Айтылым бөлімінде топ бойынша “Book Review” этаптарын қолдана отырып Гарри Поттер шығармасына, кітаптарына анализ жасады. Сабақ соңында оқушыларға мотивация беру мақсатында Гарри Поттердан оқуда үздік болу жолдары жазылған хат таратылып, кері байланыс алынды.
Пән мұғалімі: Ақбас Жания