06
декабрь
2022
Ашық сабақ: “Қоспа және олардың бөлу әдістері”
Ғылыми-жаратылыстану айлығы аясында жаратылыстану пәнінің мұғалімі Түменбаев Мади мен химия пәнінің мұғалімі Каумбаев Суннатулла интеграцияланған ашық сабақ өтті. Ашық сабақ тақырыбы: “Қоспа және олардың бөлу әдістері”.
Сабақ мақсаты: Қоспаның түрлерімен таныстыру және оларды физикалық қасиеттеріне сүйене отырып, бөлуді үйрету. Жаратылыстану және химия пәнін бір бірімен байланыстыра отырып, қоспаларды бөлудің магниттік, тұндыру, сүзу, буландыру, бөлгіш құйғымен бөлу, сонымен қатар ағаш жаңқасын үрлеп қоспадан бөлуді көрсетті.
Сабақ барысында оқушылар тәжирибелерді өз қолдарымен жасап көріп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Бұл сабақтың екінші мақсаты: оқушыларды 7 сыныпта болатын химия пәні туралы қысқаша да болса, ой қалыптастыру болып табылады.