01
декабрь
2022
Анатомиялық мұражайға саяхат
1 желтоқсан күні, лицейде өтіп жатқан “Ғылыми - жаратылыстану” айлығы аясында, химия - биология бағытында оқитын 11 “Г” - сынып оқушылары биология пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Анатомиялық мұражайда болып қайтты.
Мұражай Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде орналасқан.
Негізінен анатомиялық мұражайда адамның қалыпты мүшелері: буындар, тыныс алу жүйесі, несеп-жыныс жүйесі, асқазан-ішек жолдары, әртүрлі бұлшықеттер және т.б. қойылған. Кейбір экспонаттар артериялар мен жүйкелердің қай жерде екенін жақсырақ көру үшін боялған.
Ұйымдастырушылар:
Нурила Бауыржанқызы
Сания Сәбитқызы