VIII қалалық педагогикалық оқулары байқауы
М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің ұстазы Кабидолдин Қуаныш Тілеуханұлы «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы» атты VIII қалалық педагогикалық оқуларының аудандық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды 🏆 Ұстазымызды кезекті жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, кәсіби шыңдалу және жаңа белестер тілейміз! Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін!