Халықаралық Ice Tiger Cup турнирі
8 «Г» сынып оқушысы Есалы Саида халықаралық Ice Tiger Cup турнирінде өнер көрсетіп, І ОРЫН иеленді! 🥇 Бұл — қажырлы еңбек, табандылық пен үлкен мақсаттың нәтижесі. Саиданың жетістігі – тек отбасының ғана емес, бүкіл мектебіміздің, елдің абыройы! 🇰🇿 Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз. Жеңістерің көп болсын, чемпион! 💫