Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
VIII қалалық педагогикалық оқулары байқауы
29
январь
2026
VIII қалалық педагогикалық оқулары байқауы
М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің ұстазы Кабидолдин Қуаныш Тілеуханұлы «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы» атты VIII қалалық педагогикалық оқуларының аудандық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды 🏆 Ұстазымызды кезекті жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, кәсіби шыңдалу және жаңа белестер тілейміз! Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін! 
Оқушылардың мектеп асханасында тамақтануын ұйымдастыру барысын қадағалау.
28
январь
2026
Оқушылардың мектеп асханасында тамақтануын ұйымдастыру барысын
Күнделікті ас мәзірі бекітілген перспективалық мәзірге толық сәйкес келеді. Тағамдардың құрамы мен шығыс нормалары (грамдалуы) сақталған.  Асхана залы таза, үстелдер дер кезінде жиналады. Ыдыс-аяқтар залалсыздандырылған, жуу құралдары жеткілікті. Оқушылардың қол жууына жағдай жасалған (сабын, кептіргіш бар). Мұғалімдер кезекшілігі, оқушылалдың тамақтану уақыты кестеге сәйкес. Ауыз су қамтамасыз етілген.
Көңілді үзіліс
28
январь
2026
Көңілді үзіліс
Көңілді үзіліс өтті! ✨ Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 3-курс студенттері Тұңғышбекова Мерей және Ынтымақ Алтынайдың ұйымдастыруымен мектепте ерекше көңілді үзіліс өтті. 〽️Оқушылар сергіп, түрлі ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды эмоцияға бөленді. Мұндай шаралар оқушылардың белсенділігін арттырып, бір-бірімен еркін араласуына мүмкіндік береді 💫
Халықаралық Ice Tiger Cup турнирі
27
январь
2026
Халықаралық Ice Tiger Cup турнирі
8 «Г» сынып оқушысы Есалы Саида халықаралық Ice Tiger Cup турнирінде өнер көрсетіп, І ОРЫН иеленді! 🥇 Бұл — қажырлы еңбек, табандылық пен үлкен мақсаттың нәтижесі. Саиданың жетістігі – тек отбасының ғана емес, бүкіл мектебіміздің, елдің абыройы! 🇰🇿 Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз. Жеңістерің көп болсын, чемпион! 💫
Әдеби іс-шара: «Өзіміз отырып кітап оқиық»
26
январь
2026
Әдеби іс-шара: «Өзіміз отырып кітап оқиық»
«Өзіміз отырып кітап оқиық» атты әдеби іс-шара 📚 🗓 26.01.2026 ж.📍 М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде мұғалімдерге арналған рухани-танымдық әдеби іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында лицейде кафедраларға бөлінген кітаптар негізінде мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, әдеби талдау жасап, шағын көріністер ұсынды. Дайындық 3 негізгі критерий бойынша жүргізілді: ✨ Кітаптағы асыл қасиеттерді ашу 🎭 Кейіпкерлер бейнесін сомдау (5–10 минуттық көрініс) ❤️ Өзіне ерекше ұнаған кейіпкерді
Сынып сағаты: "Қарапайым еңбек – үлкен құрметке лайық
26
январь
2026
Сынып сағаты: "Қарапайым еңбек – үлкен құрметке лайық
6 «Б» сыныбында өткізілген сынып сағаты барысында оқушыларға еңбектің мәні түсіндіріліп, мамандық иелеріне құрметпен қарауға тәрбиеленді. 🔐 Қауіпсіздік сабағы: «Қыс кезіндегі қауіпсіздік» ❄ Мұз, үсік шалу, пиротехникадан сақтану ережелері қарастырылды. 🌿 «Алматы – таза қала» бағдарламасы бойынша: «Адам организміне шудың әсері» Шудың денсаулыққа зияны түсіндіріліп, тыныштық мәдениеті қалыптастыру мәселесі қозғалды. 🎯 Мақсаттары: 1️⃣ Еңбектің маңызын түсіндіру, мамандық иелеріне құрметпен қарауға
Сынып сағаты: "Қарапайым еңбек – үлкен құрметке лайық"
26
январь
2026
Сынып сағаты: "Қарапайым еңбек – үлкен құрметке лайық"
6 «Ә» сыныбында өткізілген сынып сағаты барысында оқушыларға еңбектің мәні түсіндіріліп, мамандық иелеріне құрметпен қарауға тәрбиеленді. 🔐 Қауіпсіздік сабағы: «Қыс кезіндегі қауіпсіздік» ❄ Мұз, үсік шалу, пиротехникадан сақтану ережелері қарастырылды. 🌿 «Алматы – таза қала» бағдарламасы бойынша: «Адам организміне шудың әсері» Шудың денсаулыққа зияны түсіндіріліп, тыныштық мәдениеті қалыптастыру мәселесі қозғалды. 🎯 Мақсаттары: 1️⃣ Еңбектің маңызын түсіндіру, мамандық иелеріне құрметпен қарауға