Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сыныптан тыс іс-шара: «One Day in Medicine»
03
декабрь
2025
Сыныптан тыс іс-шара: «One Day in Medicine»
2025 жылдың 03 желтоқсан күні «Мектептен тыс оқыту – білім көзін кеңейту» жобасы және Ғылыми жаратылыстану кафедрасының айлығы аясында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өткен «One Day in Medicine» тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шара Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 10 «Г» сынып оқушыларының қатысуымен өтті. ✨🩺 Іс-шараның бірінші бөлігінде оқушылар Анатомиялық музейді аралап, адам ағзасының күрделі құрылымы мен патологиялық өзгерістерімен танысты.
«JUNIORSKILLS-2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауы
03
декабрь
2025
«JUNIORSKILLS-2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауы
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы «JUNIORSKILLS-2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауында «Мобильді робототехника» құзыреті бойынша 🥉ІІІ орын алғаны үшін Мереке Амир ,Нарифқұл Амир марапатталды.🎉🤖✨ Жетістіктерің көп болып, әрқашан биіктерден көріне беріңдер!
Ашық есік күні: «Ел борышы – ел қорғау»
02
декабрь
2025
Ашық есік күні: «Ел борышы – ел қорғау»
2025 жылдың 2 желтоқсан күні Қ.Сәтпаев атындағы әскери істер институтында «Ел борышы – ел қорғау» тақырыбында өтетін ашық есік күніне «Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей» 10-сынып оқушылары қатысты.
FAGG Trophy және Academic Cup жарыстары
02
декабрь
2025
FAGG Trophy және Academic Cup жарыстары
Қазақстан құрамасы Самоков қаласында (Болгария) өтетін әлем чемпионатының алдында ұйымдастырылған FAGG Trophy және Academic Cup жарыстарында табысты өнер көрсетті. Бұл турнирлерге 29 елден келген 1000 спортшыдан құралған 138 команда қатысты. Лицейіміздің 9 “Г” сыныбының оқушысы Джаболдинова Адия-да осы құраманың сапында өнер көрсетіп, өз шеберлігін жоғары деңгейде танытты. 
Іс-шара: «Ертегілер елінде»
02
декабрь
2025
Іс-шара: «Ертегілер елінде»
100 кітап жобасы аясында лицей кітапханасында «Ертегілер елінде» атты іс-шара өтілді.📚📚📚 🔷Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға шақыру, тіл байлықтарын дамыту, өз ойларын жеткізе білу. Ең үздік 100 кітабын ұсыну 5 сыныптарға арналған әдебиеттерді насихаттау.
Сынып сағаты: «Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл»
01
декабрь
2025
Сынып сағаты: «Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл»
9«А» сыныбында «Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 🎯 Сабақтың мақсаты: -Оқушыларға Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет беру. -Жазушының қазақ әдебиетіндегі орны мен шығармаларының тәрбиелік мәнін түсіндіру. -Оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту. -Қазақтың көрнекті қаламгерлерін құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
Түсіндіру жұмысы: «Ішімдіктің ағзаға зияны»
01
декабрь
2025
Түсіндіру жұмысы: «Ішімдіктің ағзаға зияны»
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Ішімдіктің ағзаға зияны» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Шара барысында жауапты мамандар мен тәрбие ісінің орынбасарлары оқушыларға алкогольдің жасөспірім организмінің дамуына тигізетін кері әсерлері, жүйке жүйесін әлсіретуі, оқу үлгеріміне, мінез-құлыққа және жалпы денсаулыққа келтіретін зияндары туралы  ақпарат берді.
Назад 1 2 3 4 5 Вперед