Ашық сабақ: "Ерітінділердің массалық үлесін анықтау"
5.12.2025 жылы 5 «Ә» сыныбының 1-тобында Жаратылыстану пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. 🔬 Тақырыбы: Ерітінділердің массалық үлесін анықтау 🎯 Мақсаты: Ерітінділердегі заттардың массасын және олардың массалық үлесін формула мен тәжірибе арқылы анықтау. 🧪 Ашық сабақ барысында оқушылар берілген ерітіндідегі заттардың массаларын тәжірибе жүзінде өлшеп, формула арқылы есептеу жолдарын меңгерді. Тәжірибелік жұмыс арқылы оқушылардың зерттеу дағдылары жетілдірілді. 👩🏫 Пән мұғалімі: Калыева Ақбота