FAGG Trophy және Academic Cup жарыстары
Қазақстан құрамасы Самоков қаласында (Болгария) өтетін әлем чемпионатының алдында ұйымдастырылған FAGG Trophy және Academic Cup жарыстарында табысты өнер көрсетті. Бұл турнирлерге 29 елден келген 1000 спортшыдан құралған 138 команда қатысты. Лицейіміздің 9 “Г” сыныбының оқушысы Джаболдинова Адия-да осы құраманың сапында өнер көрсетіп, өз шеберлігін жоғары деңгейде танытты.