Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Дзюдодан Алматы қаласының чемпионаты
13
октябрь
2025
Дзюдодан Алматы қаласының чемпионаты
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 10 “А” сынып оқушысы Жасуланов Алтай SAMURAI ABSALUTE BJJ жарысының және Дзюдодан жасөспірімдер арасында өткізілген Алматы қаласының чемпионатында ІІ орын алып, Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Құттықтаймыз!
Тәжірибе алмасу семинары
11
октябрь
2025
Тәжірибе алмасу семинары
Бүгін білім беру саласындағы көшбасшылардың қатысуымен ерекше мазмұнды тәжірибе алмасу семинары өтті. Іс-шара барысында АҚШ-та тағылымдамадан өткен мектеп директорлары мен орынбасарлары, мұғалімдері өздерінің алған тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру жүйесіндегі тиімді тәсілдер мен жаңашыл идеяларды талқылады. 🔰Семинар қатысушылары білім сапасын арттыру, заманауи басқару мәдениетін дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытында пікір алмасты.
Дрондарды бағдарламалау бойынша Республикалық жарыс
10
октябрь
2025
Дрондарды бағдарламалау бойынша Республикалық жарыс
10 қазан күні Astana IT University қабырғасында 🔹GEOSCAN-Қазақстан; 🔹«Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы; 🔹«Астана дарыны» орталығы; 🔹Kazakhtelecom; 🔹Aerial Solution сияқты серіктестердің қолдауымен дрондарды бағдарламалау бойынша Республикалық жарыс өтті. Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 9 «Ә» сынып оқушысы Мереке Амир дрондарды бағдарламалау бағытында өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін танытты.  🇰🇿Бұл додаға еліміздің 15 қаласынан 20 команда қатысып, өз
Сайыс: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
09
октябрь
2025
Сайыс: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
09.10.2025 ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде математика кафедрасы ұйымдастырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайысы өтті! 🔢✨ 🏆 Жарыстың жеңімпазы — 5 «А» сыныбы!  ⭐️ Үздік ойыншы — Танжарықұлы Ерасыл! Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! Келесі жарыстарда да табыс тілейміз! 
IT саласының маманымен кездесу
08
октябрь
2025
IT саласының маманымен кездесу
08.10.2025ж.IT саласының маманы, Air Astana әуе компаниясының IT бөлімінің сениор разработчигі — Асылбек Қуатбекұлымен кездесу өтті. Ол 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, өз тәжірибесімен және кәсіби білімімен бөлісті. Кездесу барысында оқушылар IT мамандығының қыр-сырымен танысып, сұрақтарына нақты жауаптар алды. 
Шахмат үйірмесі
07
октябрь
2025
Шахмат үйірмесі
07.10.2025ж.Шахмат үйірмесі өткізілді. 📌Шахмат үйірмесінің мақсаты: -Ойлау қабілетін, есте сақтау мен логиканы дамыту; -Шешім қабылдау және зейінді арттыру; -Сабырлылық пен табандылықты қалыптастыру; -Жарыс рухын тәрбиелеу 🎯 Шахмат үйірмесінің артықшылықтары: -Зейін мен есте сақтау қабілетін жақсартады -Сабырлық пен тәртіпке үйретеді -Шешім қабылдауда жауапкершілікті арттырады -Академиялық жетістіктерге оң әсер етеді (әсіресе математикада)