Салтанатты жиын: «Мектебім, саған мың алғыс!»
24.05.2025ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде «Мектебім, саған мың алғыс!» атты 11 сынып бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиын өтті. 🔰Іс-шараның мақсаты: ата-аналар мен ұстаздардың қолдауымен мемлекеттік емтихандар мен Ұлттық Бірыңғай Тестілеуі алдында түлектердің уәжін көтеру және қолайлы психологиялық атмосфера құру. Үлкен өмірге қанат қаққалы отырған түлектерге ақ жол, сәт сапар тілеймін!