Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Робототехникадан өткен Almaty FIRST Off-season I  жарысы
05
апрель
2025
Робототехникадан өткен Almaty FIRST Off-season I жарысы
05.04.25 ж. күні Робототехникадан өткен Almaty FIRST Off-season I  жарысына Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушыларынан құралған «URAN 92» командасы  8 «Ә» сынып оқушысы Мереке Амир, 10 «Г» сынып оқушысы Қабдолов Аслан, 11 «А» сынып оқушысы Болат Бекжан, 11 «В» сынып оқушысы Ережеп Ернұр, 11 «Г» сынып оқушысы Сәрсенбай Бейбарыс FTC санаты бойынша жүлделі 1-орын иеленіп, Орталық Азия чемпионатына жолдама ұтып алды. Жетекшісі: Информатика және робототехника пәні мұғалімі  Ергеш
«Ілияс Жансүгіров оқулары» Республикалық байқауы
04
апрель
2025
«Ілияс Жансүгіров оқулары» Республикалық байқауы
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы 8-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырған «Ілияс Жансүгіров оқулары» Республикалық байқауының аудандық кезеңінде «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» - жас ақындар бағыты бойынша М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 10 «Г» сынып оқушысы Қожахмет Гүлжайна I орын иеленді. Жетекшісі:  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Лепесова Кенжегул Дуйсеновна Құттықтаймыз! Жемісті жеңістерің көп болсын!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
04
апрель
2025
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 10 «А» сынып оқушысы Миятқызы Мереке Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүлделі 3-орын жеңімпазы атанды.  Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Юлдашева Гулнура Базарбаевна Мереке, сені шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – сенің терең біліміңнің, қажырлы еңбегің мен табандылығыңның жарқын дәлелі. Тіл мен әдебиетті терең меңгеріп, ұлттық рух пен сөз өнерінің құдіретін
Лицейдің асханасының жұмыстарын тексеру
03
апрель
2025
Лицейдің асханасының жұмыстарын тексеру
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің асханасындағы тамақ сапасын бақылау мақсатында Бракераждық комиссия №14 мониторингтік тексеру жүргізді.  Тексеру нәтижесінде асхана өнімдерінің сапасы, сақтау жағдайлары мен мерзімдері дұрыс сақталғаны анықталды. Санитарлық-гигиеналық талаптар қатаң орындалған, бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Оқушылар «Менің атым Қожа» көркем фильмін тамашалады
03
апрель
2025
Оқушылар «Менің атым Қожа» көркем фильмін тамашалады
03.04.2025ж.10«А» сынып оқушылары  сынып жетекшісі Жоламанова Светлана Асанқызымен бірге «Менің атым Қожа» көркем фильмін тамашалап қайтты.🎬 🔰Мақсаты:Қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларының бірімен тереңірек танысу және оның тәрбиелік мәнін түсіну.
Мониторингтік тексеру жұмыстары