18 наурыз-Ұлттық киім күні
18 наурыз-Ұлттық киім күні. Ұлттық киім күні — қазақ халқының бай мұрасын, мәдениетін және дәстүрлерін құрметтеп, ұлықтау күні. Бұл шарада ұлттық киім үлгілерін дәріптеу мақсатында сынып аралық челлендж ұйымдастырылды.Ұлттық киімдеріміздің әрқайсысы өз тарихы мен мән-мағынасына ие, оларды кию арқылы біз ата-бабаларымыздың даналығын, өнерін және салт-дәстүрлерін жалғастырамыз. Челленджімізді 10 “В”, 10”А”, 10 “Ә”, 6 “А” сынып оқушылары жалғастырды.