Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Іс-шара: «Жас табиғат зерттеушілері: Ботаникалық бақтағы саяхат»
27
ноябрь
2024
Іс-шара: «Жас табиғат зерттеушілері: Ботаникалық бақтағы саяхат»
27.11.2024 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің айлығы аясында биология пәнінің мұғалімі Жумабек Айжан Әлібекқызы 7 «Г» сыныбына «Жас табиғат зерттеушілері: Ботаникалық бақтағы саяхат» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты: - Оқушыларға өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігі мен маңызын түсіндіру. - Өсімдіктердің құрылымы, дамуы және экологиялық қызметі туралы теориялық білімдерді тәжірибе жүзінде бекіту.
Ұлдар жиналысы: «Жасөспірімдер арасындағы моббинг пен буллингтің алдын алу»
27
ноябрь
2024
Ұлдар жиналысы: «Жасөспірімдер арасындағы моббинг пен буллингтің
27.11.2024ж. күні лицейдің 10-11 сыныптың  ұлдарына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орынбаева Алия Ахметовнаның ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер арасындағы моббинг пен буллингтің алдын алу»  тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді. 🔰Мақсаты : Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіріп, құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Ұлдар кеңесінің төрағалары Журекбаев Серик және
Конькимен жүгіру спортынан ҚР-ның чемпионаты
27
ноябрь
2024
Конькимен жүгіру спортынан ҚР-ның чемпионаты
Конькимен жүгіру спортынан БЖСМ, ОРБЖСМ, СДБМИК, ЖШСМ,ОРДО, спорт ұйымдары оқушылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 1000 қашықтықта 1.39.12 нәтижемен 7«Б» сынып оқушысы Абдуллабек Дармен 3- орын иеленді. Құттықтаймыз!
Ашық сабақ:  "Қандай табиғат құбылыстары бар?"
26
ноябрь
2024
Ашық сабақ: "Қандай табиғат құбылыстары бар?"
26.11.2024 ж. "Қандай табиғат құбылыстары бар?" тақырыбы бойынша Ғылыми-жаратылыстану кафедрасы айлығы қарсанда география пәні мұғалімі Қалыева Ақбота ашық сабақ өтті. Физикалық және химиялық құбылыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білу.
Аудандық пікірсайыс турнирі
26
ноябрь
2024
Аудандық пікірсайыс турнирі
Лицей мақтаныштары 😍😍😍😍 Бостандық ауданы мектеп оқушылары арасында өткен аудандық пікірсайыс турнирінде Махатма Ганди атындағы №92 Мамандандырылған лицей командасы  1 орын алганы үшін марапатталды. Жетекшісі:Абылқасым Мөлдір Құттықтаймыз!
Парламенттері көшбасшыларының аудандык слеті «МЕН- КӨШБАСШЫМЫН!»
26
ноябрь
2024
Парламенттері көшбасшыларының аудандык слеті «МЕН- КӨШБАСШЫМЫН!»
«МЕН- КӨШБАСШЫМЫН!» атты білім беру ұйымдарының мектеп парламенттері көшбасшыларының аудандык слетінің аясында ұйымдастырылған білім алушылардың әлеуметтік жобаларының (табысты тәжірибе) көрмесіне катысып I дәрежелі диплом алғаны үшін 9«Г» сынып оқушысы Махмет Балнұр Мұратқанқызы марапатталды. ❇️Жетекшісі: Қуандықова Әлия Сейілханқызы Құттықтаймыз!
Зиянды әдеттерден аулақ бол!
25
ноябрь
2024
Зиянды әдеттерден аулақ бол!
Лицей психологі А.Б. Турсунбекова оқушыларды зиянды әдеттердің (темекі шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану, компьютерлік ойындарға тәуелділік және т.б.) денсаулыққа, оқуға және болашаққа кері әсерін түсіндіру, олардан аулақ болуға үйрету мақсатында 6-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.