Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
сентябрь
2024

Қыздар жиналысы: "Әдеп пен ар-ұят қыздың көркі"

"Әдеп пен ар-ұят қыздың көркі" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 7-9 сынып оқушыларының қыздары қатысты. 
🔰Жиналыс барысында ДТЖЖО А.А. Ахметовна: Әдептілік – барлық адамға жарасатын қасиет. Ол – адамның жасынан алған тәрбиесіне, өскен ортасына, төңіректегі адамдардың қарым – қатынасына байланысты қалыптасатын қасиет. Адам әрқашан да бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі. Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір-қасиеті арта түседі. Ол елге осылайша сыйлы болатындығы жайында атап өтті. 
🔰 Сонымен қатар  №12 қалалық поликлиниканың медициналық және әлеуметтік  қызметкерлер, психологтар келіп «Қыз балалардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында сөз сөйледі.
🔰 Лицей психологі оқушыларға "Буллинг және кибербуллингтің алдын алу" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.