Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2023

Тренинг: "Сенімділік"

Сенімділік адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болып табылады. Сенім – адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. 

Лицей психологтары оқушылардың бойындағы стрестік қалыптан арылту, сенімді мінез-құлық дамыту мақсатында 11-сынып оөушыларымен «Сенімділік» тықырыбында тренинг жүргізді. Тренинг барысында «Өзін-өзі бағалау», «Кім жылдам», «Нұрлы жүрек», «Менің шешімім», «Мен саған сенемін», «Ассоциация» жаттығулары жүргізілді.

Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне-өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі. Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Сол себептен әрқашан бір-бірімізге сенім арта білейік.