Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сентябрь
2022

Қыздар жиналысы: "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі"

16.09.2022 ж. күні 8-11 сынып қыздарына "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында қыздар жиналысы өтті.
🌸Мақсаты: қыздарды  ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету; өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру; қызарды  инабатты қыз болып өсуге баулу. 
🌸Лицей психологтары Полатбекова Әйгерім Науатбекқызы, Турсунбекова Ақниет Бейсенбайқызы жиналысты сергіту сәтімен, көтеріңкі көңіл-күймен бастады. 
🌸Қыздар жиналысында 8-9 сынып қыздарының төрайымы Усенова Сандуғаш, 10-11 сынып қыздарының төрайымы Курманбаева Алия Акынкожаевна, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абылқасым Мөлдір Бақбергенқызы лицейдің  ішкі ережелері, қыз тәрбиесі, мәдениеті және қоғамдағы алар орны туралы сөз сөйледі.
🌸Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым - қатынасқа тәрбиеленген қыздар, болашақта да ертең еңбек еткенде де жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі - жаңа буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншілері - ағысы қатты арналы өзен сияқты, бірі момын да, жуас, енді бірі өткір де өжет. Қыз баланың физиологиялық, психологиялық даму кезеңдерін басшылыққа ала отырып жүргізілетін тәрбие жұмыстары өз нәтижесін бермей қоймайды.