Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
сентябрь
2023

Қыздар жиналысы: "Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі"

ДТЖЖО Абылқасым М.Б. мен лицей психологтары   Полатбекова Ә.Н. мен Турсунбекова А.Б. 7-9 сынып оқушыларымен қыз бала бойындағы адамгершілік, имандылық пен ибалықты, талғамдықты сіңіру, үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын, білімді, білікті тұлға қалыптастыру мақсатында «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» атты қыздар жиналысын өткізді. 

Жиналыс барысында:

Абылқасым М.Б. қыздарға лицейдің ішкі тәртіп ережесі, мектеп формасының сақталуы, гигиеналық тәрбие жайында ақпарат беріп өтті.

Полатбекова Ә.Н. қыз бойында болуы қажет қасиеттер мен қызға салынған тыйымдар жайында сөз қозғады.

Сонымен қатар жиналыс оқушылармен пікір алмасу, әңгімелесу түрінде болды. Оқушылар өз ойларын білдіріп, сұрақтар қойылып, ол сұрақтарына жауап ала алды.