Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
ноябрь
2021

Семинар-тренинг: «Сенімділік - менің серігім»

17.11.2021 күні лицей психологы  Полатбекова Ә.Н. 11 «В» сыныбымен оқушылардың сенімділігін, мінез-құлқын, эмоциялық ерік, сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, өз-өзіне сенімін арттыру, мақсатқа жетудегі үміт пен сенімділікті ояту мақсатында «Сенімділік - менің серігім» атты семинар-тренинг өткізді. 
Сенімділік туралы білімдерін жаттығулар арқылы нығайтты. Семинар-тренинг барысында «Психогеометриялық», «Жақсы және жаман», «Менің шешімім», «Біздің топтың жүрегі» ,«Мен саған сенемін!» және «Өмір»  жаттығулары орындалды. 
✔Сынып оқушылары әр жаттығуға белсене қатысып өз ойларын білдіріп отырды.
Нәтижесінде оқушылардың өз-өзіне деген сенімділіктері байқалды. Оқуға деген қызығушылығы басым. Өмірді жақсы көреді, жақсы маман иесі болатындарына үлкен сеніммен қарайды.