Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
сентябрь
2021

ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

Қыркүйек айының 11-і күні лицей жас мамандарына арналған әдістемелік семинар өтті.
Семинардың тақырыбы: “БЖБ: оқу мақсаттарына сәйкес тапсырма құрастырудың ерекшеліктері”. 
Семинарда жас мамандарға бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеудің алгоритмі түсіндірілді және қандай негізде жасалу керектігі нақты жасалған жұмыстар арқылы сараланып айтылды. 
Жалпы әдістемелік семинар барысында:
1. Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу алгоритмі;
2. Оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгеру;
3. Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін тексерілетін критерийлердің, оқу мақсаттарының мазмұнын қамтитын бір немесе бірнеше тапсырмалар дайындау;
4. Әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру;
5. Білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін ұсыну үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауға рубрикалар құрастыру туралы ақпараттар берілді. 
Сонымен қатар, тарих пәнінің тәжірибиелі мұғалімі Сандуғаш Сабырқызы көрсетілген алгоритмдер негізінде 8 сыныпқа арнап жасаған “Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде” атты бөлім бойынша жиынтық бағалаудың үлгісімен таныстырды. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлері, ойлау дағдыларының деңгейлері қалай жасалу керектігі талданып айтылды. Бүгінгі әдістемелік семинар арқылы жас мамандар бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары қандай алгоритмдерге сүйене отырып әзірленетіндігі туралы мағлұматтарға қанық болды.