04
ноябрь
2024
Педагогикалық кеңес: «Заманауи сабақты ұйымдастыру: жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары»
2024 жылдың 04 қараша күні «Заманауи сабақты ұйымдастыру: жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Кеңес жұмысы коучинг-сессия және нормативтік бөлімді қамтыды.
Кеңестің негізгі бөлімінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Д. Бауыржанқызы І тоқсандағы білім сапасының қорытындысының мониторингісін көрсетіп, алдағы міндеттерді айқындап, ұсыныс жасады.
Педагогикалық кеңестің практикалық бөлімінде «Жасанды интеллект-білім беру жүйесінде» тақырыбында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Н.С. Рахманкуловнаның ұйымдастыруымен информатика пәні мұғалімдері коучинг-сессия өткізді. Коучинг барысында педагогтер топтарға бөлініп, ЖИ мүмкіндіктерін қолдана отырып кіріктірілген сабақтардың ҚМЖ және тақырыптарына сай видеороликтер, перезентациялар жасап қорғады. Соңында кері байланыс берілді.