Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
апрель
2024

№5 педагогикалық кеңес

02.04.2024ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде «ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ»
тақырыбында №5 педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібі:
1.№4 педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы. Жауапты: ДТЖЖО М.Б. Абылқасым 
2.«Дарынды оқушы – болашақ кепілі» ДБЖЖО жұмысының есебі. 
Жауапты: ДБЖЖО А.М. Алтаева 
3.2023 – 2024 оқу жылындағы ІІI тоқсан қорытындысы, білім сапасы мен үлгерім есебі. Жауапты: ДОЖЖО Д. Бауыржанқызы 
4.М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей» КММ мемлекеттік аттестация қарсаңында мектеп қызметіне өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру туралы. 
Жауапты: ДОЖЖО Д. Бауыржанқызы 
5.«Ритм» сергіту жаттығу. 
Жауапты: педагог-психолог А.Б. Турсунбекова 
6.№5 педагогикалық кеңес қаулысы. 
Жауапты: ДБЖЖО А.М. Алтаева 
7.Әр түрлі мәселелер.

Педагогикалық кеңес директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Б. Абылқасым №4 педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы туралы баяндама оқуымен басталды. Директордың бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасары А.М. Алтаева «Дарынды оқушы – болашақ кепілі» тақырыбында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Динара Бауыржанқызы 2023 – 2024 оқу жылындағы ІII тоқсанның қорытындысына мониторинг жұмыстарын көрсетті. Педагогикалық кеңестің қаулысы бекітіліп, лицейдегі әр түрлі мәселелер қарастырылды.