Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
январь
2021

Джиу Джитсудан Нұр-Сұлтан қаласында өткен турнир

Үстіміздегі жылдың ақпан айында, Нұр-Сұлтан қаласында "Джиу Джитсу" қауымдастығының ұйымдастыруымен "Only Jiu" турниры өтті. Аталған турнирге М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11 "Ә" сынып оқушысы Нұртаза ДАРЫН қатысып, бірінші орынды - алтын медальді иеленді. 
Джиу-джитсу Жапония жекпе-жектердің аса көне жүйелерінің бірі болып табылады. Джиу-джитсу – терең тамыры бар және өзіне Шығыс халықтарының (Жапонияның, Қытайдың, Кореяның, Монғолияның және т.б.) жауынгерлік өнеріндегі дәстүрлі түрлерінің аса тиімді элементтерін сіңірген жауынгерлік өнерінің бір түрі. 
Осы спорт түрі бойынша Дарынның бұған дейін де жеткен жеңістері мен алған жүлделері көп. Оқушымыздың алдағы уақытта бағындырар белестері көп болсын!