Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
февраль
2021

Мектеп оқушыларының Аудандық олимпиада жетістіктері

9 ақпан 2021 жылы қазақ тілі мен әдебиетінен өткен аудандық олимпиадада 10 «А» сынып оқушысы Ұланқызы Ұлпан жүлделі II орынға қол жеткізіп, 11 «А» сынып оқушысы Жасузакова Айтөре мен  9 «Б» сынып Тұрсынова Жанерке III орынды иеленді. «Жүзден – жүйрік» атанған оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз. Ана тіліміз бен әдебиетіміздің асыл қазынасын зердесіне тоқыған шәкірттерімізге жеңістеріңіз құтты болсын, лицейіміздің мәртебесін арттыра беріңдер деген ізгі тілегімізді білдіреміз.

9 ақпан 2021 жылы аудандық білім сайысында информатика пәнінен  жүлделі III орын иеленген оқушыларымыз 9-сынып оқушысы Қожахмет Жанахметті, 9-сынып оқушысы Нартай Ілиясты, 11-сынып оқушысы Кеңес Аминаны , 10-сынып оқушысы Шындали Ұлдананы құттықтаймыз. Оқушыларымыз еткен еңбектерінің жемісін көруіне тілектеспіз. Әрқашан да жүзден жүйрік шығатындарыңызға сенімдіміз.

10 ақпан 2021 ж.күні орыс тілі пәнінен өткен аудандық олимпиадада III орынды иеленген 10-сынып оқушысы Зауырбекова Алсуды, 9-сынып оқушысы Мусатаева Дарижанды жүлделі орындарымен құттықтаймыз. «Білімдінің күні жарық» - деген ұстаныммен оқушыларымызға әрқашан биік белестерден көрінулеріне  тілектеспіз.

11ақпан 2021 ж. күні ағылшын тілі пәнінен   өткен білім сайысында III орынды иеленген 10-сынып оқушысы Бижанов Дәулетті, 11-сынып оқушысы Нүркенов Акимді құттықтаймыз. Өз тілін құрметтеп , өзге тілді меңгерген оқушыларымызға алғыс білдіреміз. Талаптарыңызға нұр жаусын.

12 ақпан күні математика пәнінен болған аудандық пән олимпиадасынан жүлделі || орынды иеленген Сейдазым Ақнұрды, химия пәнінен өткен аудандық білім сайысында жүлделі I орынды иеленген Муканов Асқарды, биология пәнінен  жүлделі   III орын иеленген 9-сынып оқушысы Каримова Ажарды марапаттарымен құттықтаймыз. Талаптарыңа нұр жаусын. Алдағы сыннан да үздік атануларыңа, білім шыңына шығуларына тілектеспіз.