Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
январь
2021

КЕРЕЙДІҢ ЖЕҢІСІ

      Спорттың адам өмірінде алатын орны орасан зор. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шымыр болады. Сондықтан спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне,  қызығушылығына байланысты. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыру басым бағыттың бірі ретінде атап көрсеткен еді. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің жастары дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.

Осындай игі істер Алматы қаласындағы «Бекзат» бокс клубында да атқарылып келеді. 2020 жылдың желтоқсан айында «Бекзат» бокс клубының жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілігі өткен болатын. Осы жарыста №92 М.Ганди атындағы мамандандырылған лицейдің 9 «В» сынып оқушысы Әдебият Керей бокстан 68 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды иеленді.


Керейді тамаша жеңісімен шын жүректен құттықтап, болашақта үлкен жетістіктер тілейміз! 

Осы жеңістен алған әсерің алдағы алар асуларыңа серпініс беріп, биіктен көріне беруіңе тілектеспіз!